Жаңа жыл келе жатыр – азық-түлік бағасы қалай өзгереді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 15:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңа жыл келе жатыр – азық-түлік бағасы қалай өзгереді

3 Ноября 2021 (14:50) | 1228 | Автор: Редакция

Журналистер мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министріне Қытайдан импортталатын тауарлардың қымбаттауына қатысты алаңдаушылығын жеткізді

 Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Жаңа жылға қарай азық-түлік және басқа да тауарлар бағасы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министріне кәсіпкерлер мен қарапайым халықтың Қытайдан импортталатын тауарлардың қымбаттауына қатысты алаңдаушылығын жеткізді.

"Қытай шекарасымен байланысты мәселе біздің ведомствоға жатпайды. Бұл сауда және қаржы министрліктеріне қойылатын сұрақ. Бағаның өсуіне қатысты айтар болсам: маусымдық құбылу бар, желтоқсанда әдетте бәрі жаңа жылға дайындалады. Сол себепті белгілі бір азық-түлік өнімдері қымбаттайды", - деп жауап берді Ерғалиев.

Сондай-ақ министрден қазір дүкенде нан мен картоп қанша тұратынын сұрады.

"Нан 130 теңге тұрады, түріне байланысты. Картоп 425 теңге шамасында", - деді ол.

Бұдан бөлек, Ерғалиев қазір үкімет экономикадағы инфляциялық процестерді тежеу үшін шаралар кешенін қабылдағанын айтты. Министр әр өңірмен бағаны мониторингілеу жұмысы жүргізіліп жатқанына сендірді.

Бұған дейін Қазақстанда 10 ай ішінде инфляция 8,9%-ті құрағаны хабарланды.



Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/economy/20211103/18562610/Zhana-zhyl-azyk-tulik.html

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему