Ақтаулық студенттер қазақ тілін білу бойынша жарысқа түсті
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 01:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық студенттер қазақ тілін білу бойынша жарысқа түсті

24 Октября 2021 (14:34) | 1510 | Автор: Редакция

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі өзге ұлт оқушылары қазақ тілін меңгеру бойынша ұйымдастырылған байқауға қатысты. Үш кезеңнен тұрған жарысқа 10-нан аса оқушы қатысып,  қазақ тілінде өлең оқып, ән шырқап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

 

-Маңғыстау облыстық Ассамблеясы ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесі «Мың бала» республикалық-ағарту жобасы аясында зияткерлік мектептегі өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін ояту, тіл үйретуге ықпал ету мақсатында байқау ұйымдастырдық. Сайысқа балалар өте белсенді қатысып, қазақ тілін жетік меңгергендігін көрсетті, - «Қазақша үйрен» тіл орталығының басшысы  Айгүл Дәден.

 

 

Сайыстың бірінші кезеңінде балалар қазақ тіліндегі өлеңді жатқа айтса, екінші кезеңде өздері меңгерген ұлттық өнерлерін көрсетті. Ал үшінші кезеңде викториналық сұрақтарға жауап беріп, суреттер бойынша мәтін құрастырды.

-Қазақ тілі байқауына алғаш рет қатысып тұрмын. Жалпы тілдерді меңгеруге деген қызығушылығым жоғары. Қазақ тілін де ана тілім – орыс тілі немесе ағылшын тілін меңгерген секілді еркін меңгергім келеді. Ол үшін жұмыстанып та жүрмін, - дейді І орын алған Даниил Мухалев.

Үш кезеңде үздік нәтиже көрсеткен Данил Мухалев, Матвей Веренцов, Фатима Хамхоева, Артем Бедарев І орынға ие болып, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. Олар алдағы уақытта сайыстың республикалық деңгейінде бақ сынайтын болады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему