Күннен қуат алып, су тұщытатын жаңа зауыт салынады
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 01:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Күннен қуат алып, су тұщытатын жаңа зауыт салынады

20 Января 2015 (17:17) | 2106 | Автор: Мира Ботабекова

 

Облыста күн көзінен қуат алу арқылы электр энергиясы мен су тұщытатын ірі зауыт салынатын болды. Инновациялық жобаны әлемде жасыл энергияны дамытуда тәжірибесі мол «Empereal» компаниясы жүзеге асырады. Инвесторлар жаңа зауыт құрылысына 85,5 миллион АҚШ долларын жұмсамақ.

 

Бүгін жобаны дамыту үшін аталған компанияның Қазақстандағы өкілді мен Ақтау қаласының әкімдігі және ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтағы бөлімшесі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Жаңа салынатын зауыт тәулігіне 150 МВГ электр энергиясы мен 10 мың текше метр теңіз суын тұщытады. Зауыт Ақшұқыр ауылының маңына салынады, деген жоспар бар.

 

Зауыттың толық жұмыс жасау кепілдігі 25 жылды қамтыса, бастапқы 20 жылда зауыт компанияның басқаруында болып, кейін ақысыз мемлекет меншігіне беріледі. Ширек ғасыр аралығында кәсіпорын қондырғыларын жаңартып немесе жөндеп тағы да стансаның 20-25 жыл жұмыс жасау мерзімін ұзартуға болады.

 

«Күннен қуаттанатын өндіріс ошағының экологияға ғана емес, экономикаға да пайдасы зор»,-дейді мамандар. Тұщытылған 1 тонна судың құны 1-2 долларды құрамақ. Бұл ауыз су тапшы өңір үшін тиімді баға. Инвесторлар жаңа жобаны екі жылдан кейін Астанада өтетін «Экспо» халықаралық көрмесіне қоюды көздеп отыр.

 

Еділ Жаңбыршин, Ақтау қаласының әкімі:

-Ақтау қаласында қазір алтының үстінде жаңа шағын аудан салынып жатыр. Көптеген өндіріс ошағы ашылып жатыр. Олардың бәріне су керек. Олардың бәріне электр энергиясы керек. Елбасы өткенде облысқа жұмыс сапарымен келгенде айтып кетті, осы мәселені шешіңдер деп. Осыған байланысты біздер инвесторларды тартып, мәселені түбегейлі шешу үшін осындай жобаларды қолға алып жатырмыз. Электр энергиясы мен су көзінен басқа пайдасы, жаңа жұмыс орындары ашылады. 150-дей адамды жұмысқа қабылдаймыз. 90 пайызы жергілікті тұрғындар болады. Одан басқа жергілікті университетпен жұмыс жасап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін орталық ашу да жоспарларында бар екен. Келісім бойынша зауытта еңбек ететін жергілікті кадрлар дайындалады.

 

Манож Дивакаран, «Империал ренюбл Энерджи Казахстан» компаниясының басқарушы директоры:

-Екі айдың ішінде құрылысты бастап кетеміз. Электр энергиясын өндіретін қондырғыны 13 айда құрастырып бітеміз, ал су тұщытатын цехтың құрылысы 15 айда дайын болады. Біз жаңа жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан Президентінің жасыл экономиканы дамыту туралы тапсырмасын орындауға үлесімізді қосамыз. Мұндай зауытты күн көзі жеткілікті Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында да салуды жоспарлап отырмыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему