Күзгі әскерге шақыру: 650-ден астам маңғыстаулық  отан алдындағы борышын өтейді
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 17:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Күзгі әскерге шақыру: 650-ден астам маңғыстаулық отан алдындағы борышын өтейді

6 Сентября 2021 (17:24) | 1766 | Автор: Редакция

Күзгі әскерге шақыру: 650-ден астам маңғыстаулық  отан алдындағы борышын өтейді

 

Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша Маңғыстаудан 18-27 жас аралығындағы 650-ден астам азамат әскерге аттанады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы қорғаныс iстерi жөніндегі департаментінің бастығы Мақсат Тастанов мәлім етті.

 

      «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Күзгі әскерге шақыру науқаны бойынша 650-ден астам маңғыстаулық отан алдындағы борышын өтейді. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты әскери қызметке шақыру мерзімі дәстүрлі форматқа оралды. Дегенмен әскерге шақырылған әр азамат ПТР тестін тапсырады»,-деді Мақсат Тастанов.

 

Мақсат Тастановтың айтуынша, жыл сайын әскерге аттануға үміт білдірген жастардың саны артып келеді екен. Мәселен өткен жылы күз мезгілінде 1100-ге жуық сарбаз әскерге аттанған. Биыл ниет білдірушілердің саны 1200-ден асқан. Айта кетейік, сарбаздарды әскер қатарына қабылдау кезінде тәртібіне, денсаулығына баса назар аударылады. Мерзімді әскери қызметке шақыру желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему