Қазақстандық полицейлер үй-үйді аралайды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 13:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қазақстандық полицейлер үй-үйді аралайды

6 Сентября 2021 (13:17) | 1235 | Автор: Редакция

Қазақстанда полицейлер жалдамалы пәтерлерді тексеріп, заң бұзып жүрген азаматтарды анықтайды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Photo : polisia.kz

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210906/18050012/politseyler-uiler-tekseris.html

Оның айтуынша, қазір бүкіл елде "Учаске" жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

"Операция барысында учаскелік полиция инспекторлары өзі бекітілген әкімшілік учаскеде халықпен танысу, сондай-ақ түрлі құқықбұзушылыққа жол берген адамдарды анықтау және ішкі істер органдарында есепте тұрған азаматтарды тексеру үшін аулалар мен пәтерлерді аралайды", - деді Ораз брифингте.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалдамалы пәтерлерді, базарлар мен сауда орындарын, тұрмысы нашар отбасыларды, жастар мен кәмелетке толмаған балалар жиналатын орындарды, азаматтық қару иелері мен шетелдіктерді тексереді.

Бұған қоса, Ораздың айтуынша, саяжай, құрылыс нысандары, соның ішінде уақытша тоқтатылған және бос тұрған, шатырдағы орын-жайлар мен жертөлелер де тексеріледі.

Тағы оқыңыз: Бүгіннен бастап Қазақстанда қандай өзгеріс күшіне енді

Ал ауылдарда қыстауларға, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды, адамдарды заңсыз пайдалану фактілерін, заңсыз келген шетелдіктерді, тіркелмеген қару-жарақ пен басқа тыйым салынған заттарды анықтауға ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар учаскелік инспекторлар әкімдік және жұртшылық өкілдерімен бірге халықпен кездесу өткізеді. Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, проблемаларды шешуге көмектеседі.

"Учаске" жедел алдын алу шарасы 1 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында өтеді.

 



Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20210906/18050012/politseyler-uiler-tekseris.html

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему