Тұщықұдық ауылының тумасы «new york» университетінің білім грантын жеңіп алды
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 19:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тұщықұдық ауылының тумасы «new york» университетінің білім грантын жеңіп алды

5 Сентября 2021 (13:59) | 1862 | Автор: Редакция

Тұщықұдық ауылының тумасы Дариға Болатбай Абу-Дабидегі «New York» университетінің тегін білім грантын жеңіп алды. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

 

Абу-Дабидегі New York университетіне әлем бойынша ағылшын тілін жетік білетін студенттердің 4 пайызы ғана оқуға жолдама алады екен. Биыл 100 мыңнан  астам оқушы құжат тапсырған болса, соның 500-і оқуға қабылданған. Солардың бірі – Тұщықұдық ауылының тумасы Дариға Болатбай.

«ТМД бойынша ең танымал оқу орындарының бірі саналатын университет туралы 10-сынып оқып жүргенде естідім. Абу-Дабидегі «New York» университеті АҚШ-тағы «New York» зерттеу университетінің бір бөлімі екен. Шынымды айтсам, шет мемлекетке оқуға түсемін деп мүлдем ойламадым. Дегенмен бағымды сынап көрдім. Мұндағы ең басты талап эссе жазу. Бірі өмірбаяныңды, енді екіншісі «Сен неге осы униерситетті тандайсың?» деген тақырыпта болды. Сол эссе менің грантқа түсуіме көп әсер етті. Карантин уақытындағы қиындыққа қарамастан онлайн тілдесу сұхбатынан да сәтті өттім. Бірнеше күннен кейін оқуға шақырту келді», - деді Дариға Болатбай.

Дариға Болатбай алғашында Тұщықұдық ауылындағы С.Жаңғабылов мектебінде оқыған. Кейін Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік білім ордасына түсіп, биыл 12 сыныпты үздік аяқтады. Орыс, ағылшын тілдерін терең меңгере отырып,  мектептің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытқан.

«7 сыныпта Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға түстім. Бастапқыда орыс, ағылшын тілін мүлдем білмедім. Ағылшын тілін меңгертетін курстарға қатыспай-ақ өз бетімше үйренуге бел будым. Мектеп өміріне белсенді араласып, ғылыми жобаларға қатыса бастадым. Әр облыста өтетін білім сайыстарына барып, Франциядағы халықаралық ғылыми жобаға жолдама алдым. Білімнің тасын қалаған Тұщықұдық ауылымдағы С.Жаңғабылов мектебі болса, Назарбаев мектебі арманыңа қол жеткізу өз қолыңда екенін үйретті»,-деді Дариға Болатбай.

Дариға Болатбай бірнеше рет облыстық, республикалық білім бәйгелерінде жүлдегер атанған. «Жаныңда жүр жақсы адам» атты әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. Елбасы медалінің қола, республикалық олимпиаданың күміс жүлдегері. Ал биыл «Жыл оқушысы-2021» аталымы Дариға Болатбайға бұйырды. Ол болашақта білікті дәрігер атанып, қазақ елінің медицина саласына тың жаңалық әкелуді армандайды.

 

Маңғыстау ауданы әкімдігіінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему