Маңғыстау облысы екпе алудан ең төменгі орында
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 10:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысы екпе алудан ең төменгі орында

29 Августа 2021 (14:31) | 1027 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде коронавирус инфекциясымен күрес бойынша азаматтық штабтың мүшесі Рахым Ошақбаев мәлім етті. Оның айтуынша, вакцинация қарқынының күрт төмендеуі жалпы республика бойынша тіркелген.

 

 

«Жағдай өткен жылмен салыстырғанда күрделірек. Қазақстан вакцина алуды қатты кешеуілдеп отырғанын байқауға болады, ал бұл өз кезегінде пандемия мен өлім көрсеткіштерінің артуына себеп болып отыр. Қазіргі таңда біздің елде вакцинация алуға жататын 10 миллион қазақстандықтың 6 мыңы иммунизациядан өткен. Шілденің ортасында күніне 130 мыңға жуық адам екпе салдырса, қазір олардың саны тәулігіне 30 мың адамды құрап отыр», - деді Рахым Ошақбаев.

Соңғы бірнеше аптада елімізде коронавирустан 100-ден астам адам көз жұмып, қайтқандар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш 163-ке жетті. Осылайша, Қазақстан әлем елдері арасында ковидтен көз жұмғандар саны бойынша алтыншы орынға шықты. Вакцинация - пандемияны тоқтатып, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік беретін жалғыз жол.

«Маңғыстау облысында вакцинациялау қарқыны төмен, 38,8 %. Өткен тәулікте 16 адам COVID-19-дан көз жұмған, бұл өткен аптадағы рекродтық сандардың қайталанғанын білдіреді, ал жансақтау бөлімдері 85%-ға толған», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

2021 жылдың 3 тамызы күні Қазақстандағы коронавирус пандемиясымен күрес бойынша «Ел үшін егілемін» Азаматтық штабы құрылды.

Азаматтық қоғам белсенділері бірігіп, азаматтарды дұрыс шешім қабылдап, өз туғандары мен жақындары үшін вакцина алуға үгіттеу мақсатында үкіметтен бөлек тәуелсіз ақпараттық кампания құрды.

Кездесу қатысушылары белсенді ақпараттық жұмыс қажет деген пікірге келді. Өйткені шынайы ақпараттың жетіспеушілігі тұрғындардың екпеге деген сенімінің жоқтығына әкеп соқтырып отыр.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему