Мұнайлы ауданында 75 мұғалім конкурс бойынша қабылданды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 03:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданында 75 мұғалім конкурс бойынша қабылданды

27 Августа 2021 (13:25) | 1408 | Автор: Редакция

Биыл Мұнайлыдағы білім ошақтарындағы бос вакансияларға мұғалімдерді қабылдау конкурс бойынша өтті. Барлық мектеп бос жұмыс орындарын жариялап, үміткерлерді арнайы құрылған комиссия мүшелері қабылдады. Бұл топта депутаттар, білім бөлімі мамандары және аудандық жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері болды. Бұл туралы Мұнайлы ауданы білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлы мәлім етті.

 

Оның айтуынша, Мұнайлы ауданындағы білім ордаларына конкурстық тәртіппен 75 мұғалім жұмысқа қабылданған.

 

“Негізгі конкурс аяқталғанымен, кейбір мектептер қосымша конкурс жариялады. Өйткені кейбір бос орындарға үміткер мүлдем қатыспаған. Ал кейбір пәндер, мәселен орыс тілі пәні бойынша конкурсқа түскен үміткерлер талапқа сай келмейді. Аудан мектептерінде білікті ұстаздар мен қарымды жас мамандар жұмыс істеуі үшін комиссия мүшелері әр үміткерге қатаң талап қойды. Іріктеуден өтіп, үздік деп танылған мамандар ауданның білім саласына зор үлес қосады деген сенімдеміз”, - деді Батырбек Демократұлы.

 

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему