Мұнайлы мектептеріне биыл төрт мыңнан астам бала барады
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 06:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы мектептеріне биыл төрт мыңнан астам бала барады

24 Августа 2021 (13:27) | 1062 | Автор: Редакция

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Мұнайлы ауданы білім бөлімінің басшысы Батырбек Демократұлы мәлім етті.

 

«Жаңа оқу жылын 0-11 сынып аралығындағы 36125 оқушы бастайды деп күтілуде. Оның ішінде бірінші сыныпқа 4048 оқушы барады.  Өткен оқу жылының 1,2,4 тоқсанында оқу процесі қашықтықтан ұйымдастырылды. Ал биылғы оқу жылында аудан мектептері оффлайн режимде білім беруге толық дайын. Сондай-ақ 1-сынып оқушылары үшін барлығы 109 503 оқулық,  2-11 сынып оқушыларына 86 522 оқулық қосымша алынғалы отыр. Сондай-ақ, 3,7,8 сынып оқушыларына «Ақпараттық сауаттылық», «Информатика» оқулықтары жаңадан сатып алынады»,-деді Батырбек Демократұлы. 

 

Спикердің айтуынша, аудан мектептерінде барлығы 814 педагог пен 1877 қызметкер қызмет етеді.  Аудан мектептері бойынша барлық қызметкер 100% вакцина алды.

 

«2021-2022 оқу жылында орыс тілі және әдебиеті пәні мұғаліміне, математика, ағылшын тілі мамандарына қажеттілік туындауы мүмкін. Жұмысқа келетін жас мамандарға жатақханамен қамтамасыз ету және «Дипломмен ауылға» бағдарламасын іске асыру бойынша біржолғы қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетіледі. Бүгінде педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша әр мектеп  жанынан конкурстық комиссия құрылды. Мектептер қажетті пән мұғалімдерінің бос орындары немесе уақытша бос орындары туралы әлеуметтік желілерге конкурс жариялады. Белгіленген 189 бос вакансияның 60 орнына қажетті мамандар жұмысқа алынды»,-деді Батырбек Демократұлы.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему