Жаңаөзеннің мектептері оқу жылына 100% дайын
Курс валют в Актау
на 03/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
3 Мая, 08:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жаңаөзеннің мектептері оқу жылына 100% дайын

24 Августа 2021 (13:21) | 873 | Автор: Редакция

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатай мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа оқу жылында 79 білім беру нысаны жұмысын бастайды. Мектептер мен балабақшалардың қызметкерлері  100%, вакцина алды.

 

«Қала мектептері жаңа оқу жылын  дәстүрлі  форматта оқытуға дайын. Бұл үшін мектептерде барлық жағдай жасалуда. 52 бөбекжай, 22 жалпы білім беретін мектеп, 2 бастауыш мектеп, 1 кешкі мектеп, 2 жекеменшік мектеп 1 қыркүйекте  жұмысын бастайды. Барлық сыныптың оқушылары үшін сыныптағы бала саны 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытылады. Бірінші сыныпқа 4050 бала қабылданды. Жалпы оқушы контингенті былтырғы жылмен салыстырғанда 1811 оқушыға артып, 35500 оқушыны құрады»,-деді Ысқақ Құлатай. 

 

​Спикердің айтуынша, санитарлық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында мектептердің ішкі қаражат есебінен шаруашылық тауарларымен бірге кварцтар, санитайзерлер және маскалар сатып алынды. Сонымен бірге, барлық мектептерде дезинфекциялық тунел орнатылып, білім беру ұйымдарында «Ashyq» бағдарламасы енгізілген.   

 

     «Сонымен қатар Жаңаөзенде педагогтарға деген қажеттілік бар. Осы мәселені жою мақсатында өзге облыстан маман шақырту жұмыстары жүргізілуде. Нақты айтатын болсақ, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі математика, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері, орыс тілінде оқытатын мектептердегі тарих, орыс тілі, математика, физика, бастауыш сынып педагогтерін тарту үшін жоғары оқу орындарына хат жіберілді. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында жұмысқа қабылдау бойынша іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл мектептерге 100 жас маман қабылданады деп жоспарланып отыр»,-деді Ысқақ Құлатай.

 

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему