Маңғыстауда қант өндіріле бастады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 13:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда қант өндіріле бастады

13 Июля 2021 (10:20) | 1104 | Автор: Редакция

Жаңаөзен қаласындағы қант шығаратын зауыт жұмысын бастап, алғашқы өнімін халыққа ұсынды.

Жаңа зауыт жылына 3600 тонна қант шығарады. Бұл өңірге қажетті өнімнің 30%-ын құрайды. Мұндағылар күніне 10 тонна шекер шығаруға мақсат қойып отыр. Алғашқы өнімдерін сауда орындарына өткізіп те үлгерген. Жоба "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының аясында жүзеге асты. Оған бұрын басқа облыстардан қант тасымалдаған жеке кәсіпкер 86,6 миллион теңге инвестиция құйған. Ал жобаның жалпы құны — 248 миллион теңге. Шикізатты Иран мен Ресейден тасымалдайды. Шағын зауытта Жаңаөзеннің 35 тұрғыны жұмыс істейді.

"Әуелі ішкі нарықты қамтиды. Содан соң көрші облыстарға шығару жоспарларында бар. Алдағы уақытта кәсіпорынға "Еңбек" "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары арқылы қолдау көрсетіледі", — деді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.

 

Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему