Өсімдіктерінен әтір дайындалатын жылыжай үздік атанды
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 03:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өсімдіктерінен әтір дайындалатын жылыжай үздік атанды

21 Мая 2021 (10:36) | 1662 | Автор: Редакция

Жуырда облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының ұйымдастыруымен «Үздік жылыжай – 2021» байқауы қашықтан өткізілді. Шараның мақсаты - білім беру ұйымдарында ашылған жылыжай қызметінің сапасын көтеру. Облыстық сайысқа ұсынылған 10 жұмыстың ішінде Маңғыстау ауданындағы Өтес мектебінің еңбегі жоғары бағаланды. Биология пәнінің мұғалімі жылыжайдағы өсімдіктерден хош иісті әтір мен түрлі емдік сусындар дайындап шығарған. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жылыжайды жан-жақты дамытудың нәтижесінде әтірлер мен дәрілік сусындар жасап шығардық. Мәселен, раушан гүлінен әтірлер, алоэдан бет күтіміне арналған кремдер жасалады. Жылыжайда басым бөлігі - бөлме өсімдіктері. Бар білгенімді мектеп оқушыларына үйретіп келемін. Алдағы уақытта тың жобаларды жүзеге асыруға жұмыстанып жатырмыз», - деді жылыжай жетекшісі Саясат Кемалова.

 

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмысын сараптай келе нәтижелі жұмыс көрсеткен Өтес мектебін үздік деп таныған. Енді жылыжай жетекшісі өсімдіктерден коллекция жинап, қатыру техникасы арқылы гүлдерден әшекей бұйымдар жасауды бастады.

 

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему