Маңғыстаулық БАҚ өкілдері байқауының жеңімпаздары анықталды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық БАҚ өкілдері байқауының жеңімпаздары анықталды

27 Декабря 2014 (05:15) | 3795 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстаулық БАҚ өкілдері байқауының жеңімпаздары анықталды

 «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі USAID халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігінің  қолдауымен маңғыстаулық журналистерге арналған «Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасын (ӨСАБ) аймақтық деңгейде нығайту» жобасы аясында ӨСАБ тақырыбына  үздік мақалаға байқау жариялаған болатын.

Байқауға қатысуға баспа және электронды БАҚ журналистері, мекемелердің баспасөз қызметтері, штаттан тыс журналистер мен блогерлер шақырылды.

Байқауға қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар мәтін түрінде (аналитикалық материалдар, журналистік зерттеу), бейне жазба, аудио, фото (репортаж, эссе), ақпараттық графикалар түрінде қабылданды.

 

25 желтоқсанда «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі аталмыш тілшілер додасының нәтижелерін жариялады.

Байқауға аймақтың  9 баспа басылымдары, телевидение, фототілшілері және т.б. журналистерінің бағын сынауға бел байлаған тапсырыстары келіп түсіпті. Олардың материалдарын «MediaNet» Халықаралық журналистика орталығының, USAID, мүдделі тараптар Ұлттық Кеңесінің және «ИНМИР» қоғамдық қорының, БАҚ – тың өкілдері бағалады.

             

Жоба үйлестірушісі Айжан Ахмедова:

              -ӨСАБ стандарты-табиғи байлықты өндіру саласында халықаралық ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ететін заманауи тиімді әдістеме болып табылады. Бастама  стандарттарына сай болу дегеніміз түрлі деңгейдегі жеке компаниялар мен Үкіметтің түскен кірістерді пайдаланудағы ашықтығы.

БАҚ-тың ӨСАБ-ты жариялаудағы маңызы өте зор, себебі ашықтық, кірістер туралы хабардар  болу халықтың мемлекет пен бизнеске деген сенімін күшейтеді,-деп мәлімдеді.

              Байқау жеңімпаздарын құттықтауға Алматыдан арнайы USAID өкілі және ИНМИР» қоғамдық қорының директоры Светлана Ушакова келді.

              Байқау қорытындысы бойынша жергілікті БАҚ өкілдері келесідей марапаттарға ие болды.

І-орын: 1) Оқуов Нұрбол

2) Гончарова Ирина.

 

ІІ-орын 1) Логвинов Георгий

2) Имашева Нұрғаным

 

ІІІ-орын: 1) Елешева Гүлжан

2) Каипова Айнұр

 

Алғыс хаттарға ие болғандар:

 

1.Садырова Гүлмира

2.Канширова Асель

3.Таласбаева Ағлен

 

Додаға қатысып, бақтарын сынаған тілшілер қауымының барлығының да еңбектері еленді. «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» Заңды Тұлғалар Бірлестігі атынан жеңімпаз журналистерге дипломдар мен Алғыс хаттар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему