Ақтауда зейнеткерлерге медиация негіздері түсіндірілді
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 14:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда зейнеткерлерге медиация негіздері түсіндірілді

26 Декабря 2014 (07:13) | 3126 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Инновациялық даму» Қоғамдық бірлестігі ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің қолдауымен облыс орталығында зейнеткерлерге медиация негіздері туралы түсінік беру мақсатымен «Медиацияны түсіндіру. Оның техникасы мен түсінігі» тақырыбында зейнет жасындағы адамдарға арналған оқыту семинарын ұйымдастырып өткізді.

 

Семинарға қатысқан зейнеткерлерге Ахметова Жібек (Маңғыстау облыстық ЗТБ «Азаматтық Альянсының» атқарушы директоры) және кәсіби медиатор Кемаладинова Әдемі дәріс оқыды.

 

Қызықты түрде ұйымдастырылған тренинг барысында зейнеткерлерге медиация туралы кеңінен түсіндіріліп, оның қолданылу аясы, медиация үрдісін жүргізудің қағидалары мен принциптері, даулардың жіктелуі, олардың алдын-алу тәсілдері, болдырмаудың әдістері, медиация жолымен дауды конструктивті түрде шешудің фактілері мен шарттары жайында егжей-тегжейлі түсіндірілді.

 

Дәріске қатысушылар аймақ тұрғындарына медиация туралы түсіндіру шараларының жиі өткізілуі тиімді боларын атап өтті. Олардың пікірінше, тараптардың өз дауларын сотқа дейін жеткізбей өзара келісімге келу арқылы бейбіт түрде шешуі екі тараптың да уақыттарын, қаражаттарын үнемдеуге себеп болады және эмоционалдық күш-қуаттарын сарқып, күйзеліске түсуден сақтайды. Яғни медиация-тараптар арасындағы дауды шешудің ең жеңіл және ең қолайлы әдісі болып табылады.

 

Ақтау қаласының тұрғыны зейнеткер Адылханова Рахила Өмірбекқызы:

- Біздің медиация туралы алып жатқан дәрістеріміздің пайдасы өте көп. Бұл біздің қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан бітімгершілік үрдісі. Бертін келе біз мұны ұмытқандай болдық. Бұрын қандай болмасын дау туындаған кезде оларды үлкен кісілер шешетін. Мысалы отбасында немесе ауылда бір-бірімен жанжалдасқандарды татуластырып, бір жағына шығаратын. Қазір сол дәстүріміз бізге қайтып оралып жатыр.

 

Америкада бұл үрдіс жаппай қолданылуда. АҚШ-та даулардың 93%-ы осы медиация жолымен шешіледі екен. Біздің елімізде де 2011 жылы ҚР «Медиация туралы» Заңы пайда болып, сол медиация үрдісін біздің қоғамда да енгізуге талпыныс жасалуда. Біздің Маңғыстау аймағында да оны жүзеге асырудың әрекеті байқалады. Мына бүгінгі шара-бізді зейнеткерлерді жинап, медиация туралы түсіндіру жүргізу де осы мақсатта. Біз зейнеткер адамдар осы жайлы қоғамға, жастарға таратып, түсіндіруіміз қажет.

 

Біз осындай жақсы үрдістерді тарата берейік. Қоғамымызда осындай жақсы, игі бастамалар көп болсын,-деді.

     

Медиация үрдісінің пайдалы жақтары барына тоқталған ақтаулық зейнеткер Ерімбаева Марияш: «Медиацияның не екенін бұрын білмеуші едік. Бүгін мына қыздарымыз бізге түсіндіріп жатыр. Осыдан соң, әрине біз жүрген жерімізде ағайын-туыс, көрші-көлемге, бәріне айта жүретін боламыз. Осындай медиация сияқты дауды сотқа жеткізбей бейбіт түрде шешудің жолы бар екені туралы.

 

Теледидардан осы туралы көрсетіп жатса, мен аса мән бермеген болар едім. Өз құлағымызбен дәріс тыңдап, осы жайлы кеңінен түсінік алғанымыз өте жақсы болды біз үшін. Сотқа бару деген бір қиын нәрсе ғой. Сотта кейде өз дәлеліңді жеткізіп те айта алмайсың, кейде кейбір соттар сенің сөзіңді тыңдамайды да. Оның қасында мына медиация жолы оңай әрі халыққа пайдалы нәрсе деп ойлаймын, егер еліміз оны одан әрі қарай дамытып алып кетсе.

 

Жеңіл-желпі мәселе үшін сотқа барудың өзі тиімсіз ғой, әрі ұят нәрсе. Сондықтан ондай келіспеушіліктерді осындай түрде шешсе, екі тарапқа да тиімді болар еді»,-деді.

     

Дәріске қатысушыларға тек тақырыпқа сай теориялық түсіндірулер беріліп қана қоймай, сонымен қатар медиацияның пайдалы жақтары мен кемшін тұстары туралы топтық жұмыстар ұсынылды.

 

Медиация үрдісін түсіндіру шарасына қатысқан барлық зейнеткерлерге семинар соңында тренингке қатысқаны туралы сертификаттар табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему