Ақтаулық сот орындаушылар балаларды Жаңа жылмен құттықтады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 23:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық сот орындаушылар балаларды Жаңа жылмен құттықтады

26 Декабря 2014 (04:10) | 4146 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының мамандары Жаңа жыл қарсаңында өздері құқықтарын қорғаған балғындарды мекен-жайы бойынша арнайы барып, мерекемен құттықтады.

 

Мұндай қамқорлық шарасы арқылы жеке сот орындаушылар туған әкелері тарапынан мейірімді сезіне алмаған балалардың мереке қарсаңында көңілдерін көтеру арқылы оларды ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, бауырмал, жанашыр болып, айналасына мейірімділік таныта жүруге ынталандыруды мақсат еткен.

 

Алқа төрағасы Кемелханов Жаңабай Шандыбайұлының мәлімдеуінше, «Республика бойынша2011 жылдан бастап жеке сот орындаушылар жүйесі құрыла бастады. Бұл жүйе мемлекеттік сот орындаушыларымен қатар, күшіне енген сот актілерін, оның ішінде нәпаха (алимент) өндіру актілерін, өкілетті органдардың айыппұл салу қаулысын орындайды.

Негізгі мақсат-бұл функциядан мемлекетті алып, жеке сот орындау жүйесіне беру, жоспар-болжау бойынша 2017-2018 жылдарда бұл жүйеге толықтай көшу көзделіп отыр.

Біздің облыста бұл жүйе 2012-2013 жылдары құрылды. Қазірге ұйымдастыру және басқа техникалық шараларын алу аяқталды. Жеке сот орындаушылар сот актілерін ақылы түрде орындайды, яғни жауапкерден (борышкер) сот орындаушының қызметтегі шығындары және еңбекақысы өндіріп алынады.

Демек сот орындаушылары-облыстық өңірлік алқасының қызметіне мемлекеттік бюджеттен ақша бөлінбейді және төленбейді. Олардың қызметі өзін-өзі басқару және өз-өзін қаржыландыру принциптерінде ұйымдастырылады. Бұл принципке қарамай, облыс жеке сот орындаушылары нәпаха өндіру сот актілерін ешкімнен ақы алмай тегін орындап жатыр. Алдын-ала есеп бойынша биылғы жылы 100-ден астам нәпаха өндіру сот актілері орындалуда. Нәпаха өндіріп алушыларға есік ашық. Азаматтарды жеке қабылдау үздіксіз жүргізіледі. Мұнайлы ауданында, Жаңаөзен және Ақтау қалаларында жеке сот орындаушылары кеңсесі жұмыс істеуде. Қалған аудан орталықтарында осындай кеңселер ашуды көздеп отырмыз».

 

 

 

Балаларды құттықтаған сот орындаушылар олардың үйлеріне барып, Жаңа жылдық сыйлықтары мен тәттілерін ұсынды. Сот орындаушылардан құттықтау қабылдаған балғындардың қатарында 2 жасар Сабина, 5 жастағы Тамирлан мен ағайынды 10 жастағы Хабиб және 16 жасар Ислам да бар. Қамқор үлкендердің ерекше ықыласына бөленген балғындар қуанып қалды. Риза болып, рахмет айтысты. Ата-аналар тарапынан да алғыс айтылды.

 

Хабиб пен Исламның аналары Зульфия:

Балаларым бірінші рет мұндай сыйлық алып тұр, бұған дейін бізді сот орындаушылар да, басқасы да құттықтаған жоқ еді. Балаларым үшін бұл бір естен кетпес мерекелік тарту болып отыр. Мен де сіздерді келе жатқан Жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Отбасыларыңызға бақ-береке, амандық-саулық тілеймін. Балаларыма жасаған қамқорлықтарыңыз үшін алғыс айтамын,-деді.

 

2 жасар Сабинаның ағасы Диас та алғысын жаудыра отырып, сот орындаушыларға Жаңа жылдық құттықтау сөздері мен ізгі тілектерін арнады.

 

Тамирлан есімді 5 жасар ұлдың анасы Элина:

-Балама әкелген сыйлықтарыңызға мың рахмет. Бізге қолдау жасап, қамқорлық танытқаныңызға шексіз алғысымды білдіремін. Жаңа жыл сізге жаңа табыстарымен келсін,-деген тілегін білдірді.

 

Ел ертеңі-балаларды ізгілікке, мейірбандыққа, бауырмалдыққа баулу, тағдырының қиындығын сезінбей, жүректері жұмсақ боп өсуіне ықпал етуге ұмтылған жеке сот орындаушылардың мұндай қадамы құптарлық.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему