Ақтау көшелерін жарықдиодты шамдармен жарықтандыру жұмыстары басталды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 04:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау көшелерін жарықдиодты шамдармен жарықтандыру жұмыстары басталды

11 Марта 2021 (10:08) | 2019 | Автор: Редакция

Ақтаудың орталық көшелеріне энергия үнемдейтін, LED-шамдарды орнату жұмыстары басталды. Бірінші кезекте қаладағы 7 мың жарық бағанасындағы 2 мың лампа ауыстырылады.

 

 

Осылайша, қаладағы жарықтың 30%-ы жаңарады. Бұл мақсатта бюджеттен 400 млн.тг бөлінді. Алғашқы кезеңде ХҚКО-нан бастап (15 шағынаудан) 1 шағынауданға дейінгі орталық жолға 400-ге жуығы қойылады.

 

Жаңа шамдардың басты артықшылығы, қызмет ету мерзімінің ұзақтығы, энергия тұтынудың төмендігі және экологиялық қауіпсіздігі.

 

«Жарықдиодты шамдар сынапты шамдармен салыстырғанда электр энергияны 1,5 - 2,5 есе аз тұтынады. Мысалы, ескі шамдар 250 Вт тұтынса, қазіргі щамдар 120 Вт тұтынады. Әр шамда барлық деректерді контроллерлер арқылы жалпы базаға беру үшін күңгірт блоктар қойылған және IP мекенжайы орнатылған, оның көмегімен  шамның жұмысын  бақылап отыруға болады. Бірінші кезеңді наурыз айының аяғына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,-дейді «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК учаске басшысы Ағлен Сәрсенғалиев.

 

Бұдан бөлек, 1 ай бұрын Ақтауда барлық жаяу жүргіншілер жолағын жарықтандыру жүргізіліп жатқандығын хабарлаған болатынбыз. Осы уақытқа дейін халықтың сұранысына орай, көлік қозғалысы көп 27 жолаққа  шамдар орнатылды. Алдағы уақытта қала көшелеріндегі барлық 187 жолақ қамтылмақ.

 

«Жаяу жүргіншілер жолының жарықтарын өз күшімізбен орнатып жатырмыз. Әуежай жолындағы ескі бағаналарды қалаға орнату арқылы қаражатты үнемдеп, жұмсамадық. Бастысы, халықтың сұранысы орындалуда.  Үнемделген қаражатты абаттандыру жұмыстарына, шағынауданішіндегі жолдаудың жөндеу жұмыстарына жұмсаймыз. Жылдың аяғына дейін 700 жарық бағанасын қайта өңдеп, жаяу жүргінші өткелдеріне қоямыз. Жалпы, жарықтандыруға бөлінген 300 млн. теңгені үнемдедік»,-дейді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

 

 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему