ҚР Ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалы Облыстың қаржы нарығының 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы
5 Февраля 2021 (12:09) | 2127 | Автор: Редакция
Облыстың банк секторы. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 18 филиалы, 75 жеке үй-жайы, 77 айырбастау пункті жұмыс істеді.
Облыстың несие нарығы. 2020 жылы облыстың ЕДБ филиалдарымен 314,0 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2019 жылға қарағанда 2,8%-ға немесе 9,2 млрд. теңгеге аз.
Осы ретте заңды тұлғаларға несие беру 5,6%-ға 72,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, жеке тұлғаларға 5,1%-ға 241,3 млрд. теңгеге дейін азайды.
Ұлттық валютамен берілген несиелер 2,8%-ға 311,5 млрд. теңгеге дейін азайды, шетел валютасымен – 3,1%-ға, 2,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2020 жылғы 29,4 млрд. теңге сомасында несиелер берілді, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 20,3%-ға төмен.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда азаматтарға тұтыну мақсаттарға 183,2 млрд. теңге берілді, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсандағы көрсеткіштен 11,3%-ға төмен. Осы ретте несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 58,3%-ды құрайды.
2020 жылы халыққа берілген ипотекалық несиелер 61,3 млрд. теңгені құрады, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6%-ға төмен.
2021 жылғы 1 қаңтарға облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 429,0 млрд. теңгені құрады, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 20,1%-ға өскен. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға облыстың жеке тұлғаларының берешектері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,5%-ға көбейді және 350,0 млрд. теңгені құрады, заңды тұлғалардікі 79,0 млрд. теңгені құрап, 22,5%-ға өсті.
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық несилер бойынша халықтың берешектері 132,6 млрд. теңгені құрады, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 18,8%-ға өсті.
Ағымдағы жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелер бойынша берешектері 2020 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,1%-ға көбейді және 44,4 млрд. теңгені құрады.
Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2021 ж. 1 қаңтарға 2020 ж. 1 қаңтармен салыстырғанда 3,5%-ға өсті және 16,1 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 35,4% құрады, жеке тұлғалардікі – 64,6%.
Облыстың депозит нарығы. 2020 жылғы желтоқсанда екінші деңгейдегі банктер филиалдарымен барлығы 607,4 млрд. теңгеге салымдар тартылды, бұл 2020 жылғы қарашаға қарағанда 22,2%-ға аз. Осы ретте жеке тұлғалардан – 39,2 млрд. теңге (2020 жылғы қарашамен салыстырғанда 27,8%-ға жоғары), заңды тұлғалардан 568,2 млрд.теңге (24,3%-ға төмендеген) депозит тартылды.
2021 жылғы 1 қаңтарға екінші деңгейдегі банктер филиалдарындағы салымдар бойынша қалдықтар 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 21,4%-ға көбейді және 362,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттеріндегі қаражат қалдығы 2,9%-ға, ал заңды тұлғалардікі 73,2%-ға көбейді. Аталған датаға салымдардың жалпы сомасындағы жеке тұлғалардың үлесі 62,5% (226,5 млрд. теңге) құрады, заңды тұлғалардікі – 37,5% (136,1 млрд.теңге).
2021 жылғы 1 қаңтарға ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 62,7% немесе 227,3 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен – 37,3% немесе 135,3 млрд. теңге.
2021 жылғы 1 қаңтарға ұлттық валютадағы салымдар бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,8% құрады, шетел валютасында – 0,7%.
Облыстың валюта нарығы. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 87 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 74 – уәкілетті банктердікі, 8 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 5 – уәкілетті ұйымдардікі.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 115,7 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2019 жылдың көрсеткішінен 7,4%-ға төмен. Сонымен қатар 3,3 млн. еуро (29,4%-ға азайды), 365,3 млн. ресей рублі (45,1%-ға азайды) сатып алынды.
Облыстың айырбастау пункттерімен 2020 жылғы халыққа 298,5 млн. АҚШ доллары сатылды, 2019 жылмен салыстырғанда 23,9%-ға азайды. Бұдан басқа халыққа 12,2 млн. еуро (42,6%-ға азайды), 2711,1 млн. ресей рублі (20,8%-ға азайды) сатылды.
2020 жылғы желтоқсанда сатып алу мен сатудың орташа безбенделген бағамы тиісінше 1 доллар үшін 420,17 және 423,63 теңге, 1 еуро үшін 510,85 және 515,57 теңге, 1 ресей рублі үшін 5,51 және 5,72 теңгені құрады.
Ағымдағы шоттардағы қаржылардың көлемі мен қалдығы. 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда банк клиенттерінің ағымдағы шоттарына түскен қаражаттар көлемі 15852,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6,7%-ға аз.
Осы ретте жыл ішінде жеке тұлғалардың шоттарына 2296,4 млрд. теңге сомасында қаражат түсті, бұл 2019 жылдағы деңгейден 43,4%-ға артық.
2021 жылғы 1 қаңтарға клиенттердің ЕДБ филиалдарындағы ағымдағы шоттарындағы қаржылар қалдығы 2020 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 13,6%-ға азайды және 140,1 млрд. теңгені құрады. Осы ретте жеке тұлғалардың шоттарында 25,4%-ға 31,3 млрд. теңгеге дейін өсім байқалады, заңды тұлғалардың шоттарындағы қалдықтар 20,7%-ға кеміді және 108,8 млрд. теңгені құрады.
Төлем карточкаларын пайдалану. 2021 жылғы 1 қаңтарға айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 1871 мың бірлікті құрайды (2020 ж. 1 қаңтарға – 1315,1 мың бірлік), карточка ұстаушылардың саны – 1456 мың адам (өткен жылғы 1 қаңтарға – 1219,7 мың адам). Облыста 604 банкомат, 7308 POS-терминал жұмыс жасайды.
2020 жылы төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1217,1 млрд. теңге сомасына (2019 жылмен салыстырғанда 3,9 есеге жоғары) 107 млрд. транзакция (өсім 4,6 есе) жасалды.
2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 781,2 млрд. теңге сомасына (2019 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары) 12,7 млрд. транзакция (10,1%-ға төмен) жасалды.
ҚР Ұлттық Банкі Маңғыстау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы
Kredit.bank.com суреті
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему