Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 19:56
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты

18 Ноября 2020 (10:54) | 1784 | Автор: Редакция

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлім етті. 

 

 

Маңғыстауда 17 қарашадағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 86 адам ем қабылдап жатыр. 86 науқастың ішінде 7-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсетті. Оның төртеуі модульді стационарда жатыр, тағы үшеуі - жүкті әйелдер. 

 

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 76, жағдайы ауыр халде 9 науқас, өте ауыр халде 1 науқас бар. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 26 пайызды құрайды. 

 

«Сонымен қатар, біз коронавирустың симптомсыз түрін жұқтырғандардың санын бақылап отырмыз. Бүгінгі күні облыста 7 адам симптомсыз тасымалдаушы болып табылады. Олар кезекші дәрігерлердің бақылауында. Бұл науқастар - Түпқараған және Мұнайлы аудандарының, Ақтау қаласының тұрғындары», - деді Ләззат Есенғалиева.

 

Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар. 

 

«Шетелден ПТР анықтамасыз келген азаматтарға 270 карантиндік төсек орын бар. Бүгінде біздің облыстың 28 азаматы карантиндік стационарларда ПТР нәтижелерін күтуде», - деді Ләззат Есенғалиева.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему