«Интеллект – 2014» зияткерлік сайысының
1 Декабря 2014 (05:43) | 2537 | Автор: Redactor
2014 жылдың 28 қараша күні Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен, студенттердің ой-біліктіліктерін арттыру мақсатында «Интеллект - 2014» зияткерлік сайысының финалдық ойыны өткізілді.
Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы үшін, білімді жастарды анықтау мақсатында зияткерлік сайысын ұйымдастыру жылдық дәстүрге айналған болатын. Бұл сайысқа Ақтау қаласындағы барлық жоғары, техникалық және арнайы оқу орындары студенттері қатысты және сайыс кезең бойынша жыл бойына жалғасын тауып, яғни ашық чемпионат түрінде жалғасатын болады. Бұл біздің сайысымыздың басты ерекшелігі.
Студент жастардың тарихи, мәдени және рухани дүниетанымдарын кеңейте отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, тез ойлауға, шапшаң шешім қабылдауға бейімдеу және білімге деген қызығушылығын арттыру – сайыстың басты міндеттері.
Зияткерлік сайысының мақсаты: білімді де білікті жастарды қолдау, студент жастардың зияткерлігін зерделеп, біліктілігін шыңдау және олардың арасында командалық рухты қалыптастыра отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту болып табылады.
Ашық чемпионат түрінде жалғасқан зияткерлік ойында ½ жартылай финалында студенттер арасынан, яғни әр оқу орнынан 1 команда (7топ) қатысқан болатын, осы финалда 4 топ (5 ойыншыдан) сайысты жалғастырды. Ойын барысында, саяси сұрақтар, тарих, жағрафия, әдебиет саласы бойынша және ой сергітерлік логикалық , бейне сұрақтар қойылды.
Қатысушылардың белсенділігін қазылар алқасы балдық жүйемен бағалап, ойын соңында финалға өткен әр топ бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификаттарға ие болды. Атап айтсақ, топтардың арасынан білімділігін танытып, белсенділігімен көзге түсіп және де жоғары ұпай жинап «МГТУ қырандары» тобы бас жүлдеге ие болса, 1 орынды ие болған Ш. Есенов атындағы КМТжИ университетінің студенттерінен құралған «Зияткер» тобы иеленді, 2 орын Маңғыстау Гуманитарлық колледжінің «Intellect» тобына бұйырса, 3 орынды Маңғыстау Туризм колледжінен құралған «Шаңырақ» тобы қанжығасына байлады.
Шара 2014 жылдың 28 қараша күні «Grand Nur Plaza» қонақ үйінің конференция залында, сағат 10:00 де өткізілді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему