«Болашақ» стансасындағы ел өмірі
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 17:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Болашақ» стансасындағы ел өмірі

28 Ноября 2014 (08:43) | 2395 | Автор: Redactor

 

Қазақ-түркмен шекарасында орналасқан «Болашақ» стансасында қазір 514 адам тұрып жатыр. Оның 90 пайызы жастар.

 

Руслан Төрекенов – «Болашақ» стансасына алғаш болып келген жас мамандардың бірі. Ол – стансаға аялдаған пойыздардың уақытылы жүріп-тұруына жауапты «Болашақ» стансасының кезекшісі. Руслан жұбайы Аманай екеуі 2 бала тәрбиелеп отыр. Әуелде жаңа ауылға, бейтаныс өлкенің болашағына күмәнмен келген жас отбасы бүгінде бұл шешімдеріне еш өкінбейді.

 

Аманай Асанова, Болашақ стансасының тұрғыны:
- Осында отағасының жұмыс бабымен көшіп келген болатынбыз. Әуел баста болашағымыз не болады, деп күдіктенгеніміз рас. Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Келген кезде жиһаздары жап-жаңа, ыдыс-аяқтары бар, жаңа дап-дайын үйге келдік. Үш бөлмелі үй берді. Суы, газы кіріп тұр. Біз тек чемоданмен келдік. Келген бойда жұмысқа орналастым. Мектепте мұғаліммін.

 

6 жастағы қыздары Қызбақыт 1-ші сыныпта, ал кішкентай Диляра жуырда ғана ашылған су жаңа балабақшаға барады.

 

«Ерке-Наз» балабақшасында үш топта 50 бала тәрбиеленуде. Мұнда бүлдіршіндердің алаңсыз ойнап, білім алуы үшін барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ұлттық тәрбие беріледі мұнда. 80 орынды мектептің де болашағы зор. Заман талабына сай салынған білім ошағы озық үлгідегі құралдармен жабдықталған. Компьютер сыныбы, зертхана мен спортзалдары талапқа сай. Технология пәнінде ұл балалар темірден түйін түйіп, ағаш өңдеуді, ал қыздар тігін машиналарымен киім тігуді меңгереді. 1 жылдың ішінде оқу ордасы толағай табыстарға жетіп үлгерген. Мектеп оқушылары түрлі сайыстардан жүлдемен оралып жүр. 11 сыныпта оқитын санаулы баланың бірі «Алтын белгіден» үміттеніп отыр.

 

Бағила Жарылғасова, мұғалім:
-Елбасының «дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша осы Болашақ селосына 2013-2014 оқу жылында келдім. Құдайға шүкір, осы жаққа келгелі жағдайымыз өте жақсы. Баспанамен қаматамсыз етілдік. Ауылымыздың көркеюіне өз үлесімізді қосып жатырмыз қазіргі таңда. Болашақ селосының ұрпақтарына саналы да сапалы білім беріп, Тәуелсіз еліміздің жаңа буындарын тәрбиелеп жатқан жайымыз бар.

 

 

Ауылда асхана, наубайхана, монша мен дәрігерлік амбулатория сынды бірқатар нысандар жұмыс істеп тұр. Шалғайда жатқан шағын мекенде бұқаралық спортты дамыту да мықтап жолға қойылыпты. Үш бірдей балаларға арналған ойын алаңы мен спорт алаңдары салынған. Ауыл балалары жасанды жасыл шөптің үстінде асыр салып, волейбол, баскетбол мен футбол ойнап жүр. Келешекте ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жоспарланып отыр.

 

Жетек Мұханов, Болашақ селолық округінің әкімі:
-Осы жерде қазір Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген жас теміржолшылар темір жолда жұмыс жасап жатыр. Барлық тұрғынға осында жұмыс істейтін үйлер берілді. Тұрғындардың мүмкіндігіне қарай, барлық жағдай жасалған, тоғы, газы, суы үйлеріне тартылған.

 

 

Станса тұрғындары облыс орталығымен, өзге де елді-мекендермен теміржол арқылы қарым-қатынас жасайды. Мұнда әзірге Жаңаөзен қаласынан Болашақ стансасына дейін күн сайын жолаушылар пойызы қатынап жатыр. Ал, үш мемлекетті жалғайтын темір жолдың Түркменстан мен Иран арасындағы өткелі іске қосылған соң, бұл жолаушылар пойызының ауқымы ұзармақ. Қос елден бері қарай жолаушылар пойыздары жолға шығады. Қазақстаннан Парсы шығанағына 28 сағатта жетуге мүмкіндік туады. Бұл «Болашақ» ауылының қарқын ала түсуіне жол ашады. Сондықтан да «Болашақ» стансасының келешегі жарқын. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему