АИТВ инфекциясымен 22 адам тіркелді
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 10:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

АИТВ инфекциясымен 22 адам тіркелді

24 Августа 2020 (09:46) | 1947 | Автор: Нурганым Имашева

АИТВ жұқпасының қан арқылы жұғатыны бүгінде баршаға мәлім. Күллі әлемді тығырыққа тіреген СОVID-19, пандемия дерттерінен жұғу жолдарының бір айырмашылығы осы. Отыз жылдан астам уақыт бұрын жаһанды дүр сілкіндірген АИТВ инфекциясы қазір толық құрықталмағанымен, вирустың белсенділігін төмендететін препараттар бар.

 

 

Биыл да өңірімізде АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалы тұрақты. Алайда, ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталық маманы Гүлбану Жайлиеваның айтуынша, облыстың барлық аумағында АИТВ әлі де тіркелуде.

 

-1994 жылдан бастап және 31 шілдеге дейін облыста АИТВ жұқтырғандардың 388 жағдайы анықталды, оның ішінде диспансерлік есепте 222 адам тіркелген,-дейді ол.

 

-7 айда облыста АИТВ инфекциясы бойынша 22 адам тіркелген. Ал өткен жылғы осы кезеңде 30 адам тіркеліп, биылғы көрсеткіш 8-ге төмендеді. Осы 7 айда тіркелгендердің 20-сы немесе 90,9% Қазақстан Республикасының азаматтары, екеуі немесе 9,1% шет елдер азаматтары. Олардың 16-сы – ерлер, 6-ы – әйелдер.

 

 

АИТВмен алғашқы күннен бері тіркелгендерді аумақтарға бөліп қарасақ, Ақтау қаласында-223, Мұнайлы ауданында-30, Бейнеу ауданында-3, Түпқараған ауданында-10, Қарақия ауданында-6, Маңғыстау ауданында-1 және Жаңаөзен қаласында-8 адам тіркелген. Ал басқа облыстардың тұрғындары-17, шет елдер азаматтары-90. Жұқтырғандардың негізгі үлес салмағы 20-29, 30-39, 40-49 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі.

 

- Бір өкініштісі, биыл анықталған азаматтардың тең жартысы, яғни 11-і жұмысқа қабілетті азаматтар. Сондай-ақ 10 адам еш жерде жұмыс істемейді, ал 1 адам тергеу-қамауға алынғандар арасынан тіркеліп отыр.

 

Орталық мамандары осынау эпидемиологиялық ахуалға байланысты емдеу-сауықтыру мекемелерінде, тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын карантин кезеңіне орай онлайн режимде жүргізуде,- деп хабарлайды ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың баспасөз қызметі.

 

Сурет баспасөз қызметінен

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему