Маңғыстауда тіл ахуалына мониторинг жасалды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 07:29
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда тіл ахуалына мониторинг жасалды

20 Ноября 2014 (11:06) | 2133 | Автор: Redactor

 

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап қараша айына дейін Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Қолдау-Қазақстан» коммерциялық емес ұйымы жекеменшік мекемесі Маңғыстау облысы бойынша тіл ахуалына әлеуметтік зерттеу жүргізді.

 

«Қолдау-Қазақстан» коммерциялық емес ұйымы жеке меншік мекемесінің директоры Ләззат Досметованың мәлімдеуінше, «Зерттеу қоғамдық мониторинг арқылы облыстың барлық аудандарын қоса Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 23 шілде мен 01 қараша аралығында «Мемлекеттік сатып алу турлы» ҚР Заңының 32 бап, 2 тарамақшасына сәйкес орындалды.

 

Әлеуметтік зерттеудің негізгі мақсаты-Маңғыстау облысы бойынша тіл ахуалын айқындау. Мониторинг міндеттері-халықтың мемлекеттік тілді қай дәрежеде білетіндігін, тілді меңгерудегі деңгейін бағалау, қандай салада мемлекеттік тіл қалай қолданылады, мемлекеттік тілді қаншалықты пайдаланылатынын анықтау болып табылды. Сондай-ақ, ересек жастағы тұрғындардың күнделікті орыс және ағылшын тілдерін қандай деңгейде игергендігін анықтау, тілді білу деңгейін бағалау, күнделікті өмірде орыс және ағылшын тілдерін қаншалықты пайдаланатындықтарын көрсету, облыс тұрғындарының мемлекеттік тіл саясатын қалай бағалайтынын, тұрғындардың ақпарат көздерін қолдануда қай тілді таңдайтынын анықтау».

 

Қойылған мақсат пен міндеттер телефондық сауалнама жүргізу және жеке сұрау мен фокус-топтық сұхбат өткізу, сонымен қатар үй аралап, жеке сұрау өткізу сияқты іс-шаралар арқылы жүзеге асты.

Әлеуметтік зерттеулер барысында облыс бойынша барлығы 1000 респондент қатысқан (олардың ішінде жеке сұрау-211, телефон арқылы сұрау-739, үй аралап бетпе бет сұрау-50). 181 респонденттің қатысуымен барлығы 17 фокус-топтық сұхбат жүргізілді.

 

«Сұралған респонденттер мемлекетіміздегі жүргізіліп жатқан тіл саясатымен толықтай келісетіндерін айтып өтті. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Маңғыстау облысы бойынша ересектер арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 91,76% көрсетсе, орыс тілін 44,76% меңгеріп, ағылшын тілін меңгеру дәрежесі 4,72% екенін көрсетті.

 

Алынған мәліметтерді талдау нәтижесінде Маңғыстау облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына төмендегі ұсынымдар берілді:

1. Маңғыстау облысындағы Ақтау және Жаңаөзен қалаларын қоса әр ауданда орыс және ағылшын тілдерін үйрететін курстар ашу.

2. Оралмандар және тұрмыс жағдайлары төмен тұрғындарға курстарды тегін қылу.

3. Мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын ересектерге курстардың ақысын жеңілдету.

4. Мамандарға мемлекеттік мекемелерге келіп, сабақтарын өткізу үшін жағдай жасау»,-деді «Қолдау-Қазақстан» коммерциялық емес ұйымы ЖММ директоры Ләззат Досметова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему