Ақшұқыр ауылында жол құрылысының сапасы тексерілді
17 Августа 2020 (09:55) | 2812 | Автор: Нурганым Имашева
«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК МОФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шілде айының соңында филиал қызметкерлері Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында салынып жатқан асфальт жол құрылысының сапасына бақылау жүргізген еді.
Асфальт жабындыдан сынамалар алу жұмыстары «Сапалы жол - Адалдық алаңы» бағдарламасы аясында жасалды.
Бақылау шарасына филиал қызметіне тапсырыс беруші «Түпқараған аудандық тұрғын-үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Жеткізгенов, аталған жолды салуға жауапты мердігер серіктестік бастығының орынбасары Б.Елешов, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің осы аудандағы арнайы мониторингтік топ өкілі М.Шырақбай қатысты.
Бақылау шарасы кезінде Б.Сәрсенов көшесіндегі №31, №61 және №73 үйлердің жанындағы көлік жолдарынан үш сынама алынды.
Шыққан қорытынды - жол материалдарының сапасы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келмейді.
Анықталған кемшіліктер ҚР СЖҚІҚА аймақтық департаментіне, Түпқараған аудандық ТҮКШ бөліміне қызметтік хат түрінде, ал хаттың көшірмесі «Ақ жол құрылыс» ЖШС-гі мен арнайы мониторингтік топ жетекшісіне жолданды.
Суреттер баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему