Фестивальдің үздіктері анықталды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 13:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Фестивальдің үздіктері анықталды

7 Ноября 2014 (10:12) | 1180 | Автор: Redactor

 

Аймақта алғаш рет өткен V-ші Орталық Азия мемлекеттерінің халықаралық театр фестивалі мәресіне жетті. Бір апта бойы маңғыстаулықтар өнер бұлағынан сусындап, тоғыз театрдың қойылымдарын тамашалады. Жалпы өнер додасына жеті әділқазы төрелік етіп, тоғыз театр ұжымы мен 200 әртіс қатысты. Үздіктерді марапаттау сәті салтанатты түрде облыс әкімі Алик Айдарбаевтың қатысуымен облыстық Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры залында өтті.

 

«Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы мәдени сұхбатты арттыруға және олардың мәдени әлеуетінің өсуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған фестивальдің жемісті өткеніне мен қуаныштымын. Фестивальдің Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы мәдени, достық қарым-қатынасты нығайтуға үлес қосқанына сенімдімін. Қасиетті Маңғыстау өңіріне келіп, халыққа өнер көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін»,-деді шарада сөз алған аймақ басшысы А. Айдарбаев.

 

Қазылар алқасы облыс әкімінің тағайындаған арнайы 1 млн.теңге жүлдеге облыстық Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры ұжымы лайық деп шешті.

 

«Атқа қосылған бәйгеден біреуі ғана үздік келіп, жүйрік тұлпар атанады. Сондықтан да бұл фестивальде үздіктерді таңдау бізге оңай соққан жоқ. Бұл жолы фестивальде қойылымдардың көркемдік дәрежесі, сапасының биіктігі, актерлерлік ансамбльдердің бірінен-берінің асып түсуі бізді таңқалдырды, осылардың арасынан мықтыларды анықтау да үлкен жұмыс»,-деп атап өтті қазылар алқасының төрағасы Талғат Теменов.

 

Нәтижесінде «Ең үздік қойылым» Гран-при жүлдесімен Астана жастар театры мен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік ер адам рөліне»-Дәурен Серғазин (Астана) және «Үздік әйел адам рөлі»-Айнұр Бермұхамбетова, «Үздік актерлік ансамбль» аталымына-Виолетта Власенко, Павел Ондрин, Игорь Вокулин (Астрахань) лайық деп танылса, «Ең үздік дебют»-Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясына (Алматы), «Үміт» аталымы-қырғыздық Шаршен Термечиков атындағы Шу облыстық театрына, «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі»-М. Ғафури атындағы Башқұрт мемлекеттік академиялық драма театрына бұйырды. «Екінші пландағы үздік рольмен»-Гюль Зиятова, Бану Манкеева, Айнұр Әбенова (Маңғыстау), «Актерлік дуэтпен»-Аловуддин Абдуллаев пен Мехринисо Ходжибаева (Тәжікстан), Фарход Абдуллаев пен Мукаддас Халикова (Өзбекстан) марапатталды.

 

«Бұл менің театр саласында алғаш рет алып тұрған жүлдем, мен үшін өте құнды. Бұл рольге көп күш жұмсадым, жалпы «Ревизордағы» Хлестаковтың рөлін екінші курстан бастап ойнап келемін. Бұл қойылым біздің театрдың паспорты саналады. Осындай халықаралық фестивальден театр ұжымындағы өзге де әріптестерімнің жүлделі орындардан көрінгені мен үшін де мәртебе. Қазіргі таңда мен режиссерлік қырымнан да танылып жүрмін. Театрда «Жер мен көктің арасы» және «Алғашқы махаббат» қойылымдарын сахналадым. Алдағы уақытта да театр саласының дамуына, қазақ театрының өркендеуіне өз үлесімді қосамын»,-дейді Астана жастар театрының актері Дәурен Серғазин.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему