Әділ сот төрелігіне қол жеткізу
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 05:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әділ сот төрелігіне қол жеткізу

7 Ноября 2014 (09:45) | 2985 | Автор: Redactor

 

Өзінің биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс», деп еліміздегі сот жүйесінің дамуының алғышарттарын атап көрсетті. Осы бағыттағы сот жүйесіндегі ахуал жайында Маңғыстау облыстық сотының судьясы Қаженова Хамида Шанкулқызы баяндайды.

 

«Президенттің қатысуымен Астанада өткен Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезді «Қазақстан -2050» Стратегиясын жүзге асырудың тарихи кезеңіне сәйкес келді.

 

– Біз Жаңа саяси бағыттың барлық векторлары үшін басымдықтар мен міндеттерді айқындаудамыз. Ол біздің стратегиялық мақсатымызға-әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағытталған. Бұл-барлық билік органдарының, соның ішінде сот жүйесінің барлық өзге де міндеттері сәйкестендірілетін негізгі мақсат. Ұлттың жетілгендігінің XXI ғасырдағы аса маңызды өлшемі-мінсіз және тиімді ұлттық сот жүйесінің болуы. Тәуелсіз және әділетті сот-кез келген мемлекеттің қызметінің негізі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев алқалы жиында сөйлеген сөзінде.

 

Қазақстан Президенті осының алдындағы судьялар съезі өткеннен бергі төрт жыл ішінде Қазақстанның сот жүйесі Жаhандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде «Тәуелсіз соттар» өлшемі бойынша өз көрсеткішін 23 позицияға жақсартқанын атап өтті.

 

– Құқықтық жүйені реформалау жөніндегі жұмысты, әсіресе оның өзегі-сот төрелігі жүйесін күшейту қажет. Біздің құқықтық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін оның көпшілік құқығындағы да, жеке құқықтағы да барлық негізгі салаларында арттыру-«Қазақстан-2050» стратегиясының басты міндетінің бірі. Қазір сот билігі тармағының беделін, тәуелсіздігі мен тиімділігін арттыру жөнінде ауқымды жұмыстардың басым бағыттары мен нақты тетіктерін анықтау маңызды. Судьялардың VI съезінің басты мақсаты осында деп білемін, - деді Мемлекет басшысы.

 

Ұлттық сот жүйесін дамыту перспективаларын айқындай отырып, Мемлекет басшысы басты басымдықтарды белгілеп берді.

 

– Соттар қызметінің заңнамалық және процессуалдық нормаларын жүйелі түрде жетілдіру маңызды. Қазірдің өзінде қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық атқару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жаңа кодекстердің жобалары дайын. Олар ұзақ уақыт мұқият әзірленді. Оларда соттардың жаңа құзыреттері, соның ішінде сот өндірісінің оңайлатылған тәртібі қарастырылған. Соттың істерді қарауы барысында соттардың бақылау жасау және өкілеттік аясы кеңейтілуде. Бұл кодекстердің тезірек қабылдануы және іс жүзіне асырылуы қылмыстық сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ, азаматтық сот өндірісін жаңғырту қажет. Үкіметке Жоғарғы Сотпен бірлесіп жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексі жобасын әзірлеуге кірісуді тапсырамын. Азаматтық істерді қарау тәртібі процестің тараптары үшін ыңғайлы және тез, оларды бітістіруге және заманауи технологияны кең қолдануға бағытталған болуға тиіс, - деді Қазақстан Президенті.

 

Заң, мемлекет бізге-судьяларға мемлекет, қоғам және азаматтардың мүдделерін қорғау мақсатында өкілеттік берді. Мемлекеттік міндеттерімізді орындау бізден өз парызымызды жоғары сезінуді талап етеді. Өзгелердің тағдырын шешуші адамдар өз шешімдері мен қадамдары және іс-әрекеттері үшін жоғары жауапкершілікте болуы тиіс.

 

Әділеттіктің құқықтық және адамгершілік талаптарын жүзеге асыра отырып, біз заңға сүйенеміз. Судьяның кез-келген шешімі заңды және әділетті болуы шарт.

 

Заңды бұрмалау, оны айналып өту немесе өрескел қате түрінде қолдану-адамгершілікке жатпайды. Ондай әрекеттер тек қана құқықтық нормаларға ғана емес, сонымен қатар ар-намыс және заңгерлердің кәсіби этикасына қайшы келеді.

 

Елімізде сот жүйесін дамыту барысында соттар мен кассациялық инстанциялардың ролі арта түседі. Өз қызметінде Кассациялық сот алқасының судьялары мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау, маңғыстаулықтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісін адал атқаруда.

 

Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасының қарауындағы істердің қатарында бірінші сатыдағы және апелляциялық сот инстанцияларының қателіктері мен материалдық және процессуалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауы жиі кездесіп жатады.

 

Мысал ретінде төменгі сот инстанцияларының шешімінің кассациялық сот алқасының қаулысымен алынып тасталу ісін келтірейік. Талапкер О.-ның талап-арызы бойынша М. мен Б-ға үйді өз бетiмен салынған құрылыс деп танып, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс деп шығарылған бірінші сатыдағы және апелляциялық сот инстанцияларының шешіміне жауапкерлер М. мен Б қарсы болып, кассациялық шағым жолдағанда, Маңғыстау облыстық сотының кассациялық сот алқасы, мынаны анықтады:

 

Талапкер О. М. мен Б-ға жер учаскесіне үйді өз бетiмен салды, құрылыс оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс деген талап-арызбен шағымданған.

 

Ақтау қаласының №2 сотының шегімімен бұл талап қанағаттандырылған. Сот өз шешімімен үй өз бетімен тұрғызылған, оны салушының есебінен бұзылуы тиіс деп анықтаған. Маңғыстау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының Қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

 

Іс материалдарынан белгілі болғандай, жер телімі талапкер О-ның жеке меншігінде. Бірінші сатыдағы сот талапкердің талабын қанағаттандыра отырып, жауапкерлер М. мен Б. үйді өз бетімен жердің иесі О-ның келісімінсіз салған, ҚР Жер қатынастары турлы заңнама талаптарына сай құрылыс жүргізуге рұқсат алмастан тұрғызған деген қорытынды жасағанын негізге алады. Өз кезегінде аппеляциялық сот алқасы, бірінші сатыдағы сот шешіміне келісе отырып, сот шешімін өзгеріссіз қалдырып, дауға түсіп отырған жер телімі талапкер О-ның жеке меншігі деп көрсеткен.

 

Әйтсе де, төменгі сот сатыларының бұл қорытындылары қате болып табылады, іс жағдайына сай келмейді, іс материалдарымен және сот отырысындағы зерттелген дәлелдеулермен жоққа шығарылады.

 

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 244 бабының 1,2 тармақтарына сай, 1. Мемлекетке тиесiлi, жер учаскелерi болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесiлi емес жер учаскесiнде салынған, сондай-ақ бұл үшiн Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажеттi рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлiк өз бетiнше салынған құрылыс болып табылады.

 

2. Өз бетiмен құрылыс салуды жүзеге асырған адам оған меншiк құқығын алмайды. Оның құрылысқа билiк етуге-сатуға, сыйға тартуға, жалға беруге, басқа да мәмiлелер жасауға - құқығы жоқ.

 

Өз бетiмен салынған құрылыс, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс. Іс материалдарымен анықталғаны, 2005 жылдың жазының бас жағында М. ерлі-зайыпты К. мен Б-дан № 33, №37 жер телімдерін сатып алған, ал № 35 учаскені М. сатып алып, 3.400 АҚШ долларын төлеген. Бұл жайды К.М-ның 2005 жылдың 21 шілдесінде берген қолхаты растайды. Осы мәмленің кепілі Б-ның әкесі О. болған. Тараптар өзара келісім жасаспаған. М. жер телімін өз атына рәсімдей алмаған, себебі онда ҚР азаматтығы жоқ еді.

 

Сол кезде тараптар өзара жер телімдерін ауыстырады. Бұл туралы 2005 жылдың 12 қарашасында К.және Е.арасында жасақталған сатып алу-сату келісімімен расталады.

 

О. өкілінің жауапкерлер М. мен Б үйді өз бетімен салды дегені қисынсыз. 2005 жылы М.-ға берілген жер телімі көкөніс өсіру үшін берілген, 2006 жылы ол құрылысты бастағаны кассациялық сот инстанциясының отырысында өзінің көрсетулерімен жоққа шығарылған.

 

Іс материалдарынан белгілі болғаны, жауапкерлер М. мен Б. 2005-2010 жылдар аралығында осы жер телімінде тұрып, даулы учаскенің меншік иесі ретінде «Гранит», тұрғын үй массивінің қызметіне белсене қатысып, жер телімін пайдаланудың бар шығынын өтеп келген. Өз кезегінде талапкер О. сол кезде жауапкер М.Б-ның, оның отбасының бұл жерде тұруына, үй құрылысына қарсы болмаған, олардың көшірілуі туралы, олардан жерді тартып алу туралы талап қоймаған.

 

Осы аталған жайлар даулы жер телімін талапкер О-ның жауапкерлер М. мен Б-ға үй құрылысын салуға өз еркімен бергенінің айғағы болып табылады.

 

Бұл жағдайда, жауапкерлер М. мен Б-ның бес жыл бойына № 33 жер телімін ашық, сенімді түрде пайдалануы, ешкімнің де құқығын бұзбай, тұрғынүй құрылысын жүргізуі-өз бетімен үй салған тұлғаның әрекетіне жатпайды. Сонымен қатар, апелляциялық сот инстанциясы жауапкер талапкерге 2005 жылы 3.400 АҚШ долларын төлегенін, алайда жер телімін ҚР азаматтығы болмағандықтан өз атына рәсімдей алмағанын негізді түрде ескерген. Сонымен қатар ҚР Азаматтық Кодексінің 244 бабының 3 тармағына сай, үй құрылысы азаматтардың денсаулығы мен өміріне ешбір қауіп төндіріп тұрған жоқ.

 

Іс материалдарындағы дәлелдемелер, талдауларды ескере отырып, кассациялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот пен аппеляциялық сот инстанциясының қорытындыларын негізсіз және қисынсыз деп тапты.

 

Бұл жағдайда жауапкер М-ның. өзі мен К. арасында жасақталған мәмілені даулау құқы сақталады.

 

Жоғарыда аталған жағдайларды талдай келе, кассациялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот инстанциясы тарапынан іс үшін маңызы бар жағдайлардың аясы дұрыс анықталмағаны, тиісті құқықтық баға берілмегені жайлы тұжырымға келді. Көрсетілген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімі мен аппеляциялық сот инстанциясының қаулысы заңды, негізді деп танылмады және күші жойылды.

 

Осыған байланысты кассациялық сот алқасы бұрынғы шешімдердің күшін жойып, О.-ның талап арызын қанағаттандырмау туралы жаңа шешім шығарылған қаулы қабылдады.

 

Соңғы жылдары кассациялық тәртіпте іс қараушы соттар өз қызметінде бірінші сатыдағы соттардың жіберген қателіктерін дер кезінде түзету жөніндегі әрекеттерді пәрменді түрде атқара түсті, осының нәтижесінде негізсіз және заңсыз шығарылған көптеген шешімдердің өзгертілуіне жол ашылды», - деп мәлімдеді облыстық соттың судьясы Хамида Шанкулқызы Қаженова. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему