Маңғыстауда сот орындаушылар бүгінде 9 000-нан астам алимент төлемдерін өндіруде
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 12:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда сот орындаушылар бүгінде 9 000-нан астам алимент төлемдерін өндіруде

18 Мая 2020 (14:29) | 1425 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Дариға Кесікбаева мәлімдеді.

 

 

-Сот актілерінің орындалуының өзекті мәселелерінің бірі – алимент өндіру.

 

Өңірдегі сот орындаушылар өндірісінде бүгінде 9 000-нан астам алимент төлемдерін өндіру құжаты бар, оның ішінде – 6000 –ы борышкерлердің жалақысынан өндіріліп жатса, ал 2830 борышкер ерікті түрде төлеуде.

Дегенменде, өз міндеттеріне қарамастан, төлеуден жалтарып жүрген өңірде 170 –ге жуық азамат бар, оларға қатысты мәжбүрлеп орындату шараларының бірнеше түрі қолданылды.

Яғни, 118 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса,   қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде құқық қорғау органдарына 134 ұсыныс енгізілді.

101 жүргізуші куәліктерінің қолданысы уақытша тоқтатылды.  Алимент төлеуден жалтарып жүрген барлық борышкерлерге ҚР аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды,-дейді Департамент басшысы. 

 

Оның айтуынша, «Алайда, сот орындаушысының мұндай қолданылған шараларына қарамастан, алимент өндіру мүмкін болмайтын кездер де болады. Мысалы, борышкер жұмыссыз, табыс көзі және меншігінде мүлкі жоқ жағдайда.

 

Осы орайда және аталған санаттағы атқару құжаттарының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, департаменттің үйлестіруімен жұмыспен қамту орталығы арқылы өткен жылы 69 борышкер жұмысқа орналастырылса, биыл 16-ы жұмыспен қамтылды.

 

Мұндай атқарушылық шаралары тұрақты түрде жүргізіледі».

 

Департаменттің басшысы Дариға Кесікбаеваның мәлімдеуінше, «Сот актілерін орындау саласы бойынша орын алған жаңашылдықдықтың тағы бірі, ол - «Өндіріп алушының өтініші негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметінің автоматтандырылуы.

 

Қазіргі таңда «электрондық үкімет» шлюзы арқылы «Төрелік» ААТЖ, «электрондық үкімет» порталының және Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған жүйесінің өзара іс-қимылы арқылы реттелді. Яғни, «Өндіріп алушының өтініші негізінде  атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызметі енді, электронды түрде, қағаз түрінің сақталуымен көрсетіледі.

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін көрсету Электрондық Үкімет Порталы арқылы да жүзеге асырылады».

 

-Тағы бір атап өтетін мәселе, өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады.  Еріктілер жылы аясында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен заңгер, адвокат, нотариус, сот орындаушысы және ерікті студенттермен  жоспарға сәйкес күнделікті құқықтық консультациялар беріліп келді.

Қазіргі төтенше жағдайға байланысты Облыстық департамент жұмысын тоқтатқан жоқ. Күнделікті халыққа құқықтық кеңес онлайн жүйесінде көрсетіледі. Яғни, қала, аудандардағы әділет басқармаларының мамандары үйлерінде отырып, азаматтардың сұрақтарына онлайн режимінде құқықтық көмек көрсетуде. Сондай-ақ, Әділет департаментінің мамандары Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегіпарақшаларда тікелей эфирде, сондай-ақ, WhatsApp мессенджері арқылы тұрғындардың сауалдарына жауап беруде.

Аталған шаралардың мақсаты - халықтың құқықтық сауатын арттыру,-деп сөзін аяқтады Маңғыстау облысы әділет департаментінің басшысы Дариға Кесікбаева.

 

Суреттер yandex.kzbrak-zakon.kz сайттарынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему