Шағын және орта бизнес өкілдері МӘМС төлемінен босатылды
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 22:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шағын және орта бизнес өкілдері МӘМС төлемінен босатылды

24 Апреля 2020 (08:54) | 1730 | Автор: Нурганым Имашева

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының хабарлауынша, 1 миллионға жуық қызметкер жарналар мен аударымдардан босатылды.

 

 

Шағын және орта бизнестің субъектілері 2020 жылдың 1 қазанына дейін, ал ірі бизнестің кейбір субъектілері 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды. Мұндай шараларды мемлекет төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қабылдап отыр.

 

-Яғни, олар жұмыс беруші ретінде 2% мөлшерінде аударымдарды төлемейді, сондай-ақ өз қызметкерлерінің жалақысынан 1% жарналарды ұстамайды. Осылайша, 1 миллионға жуық азамат МӘМС-ға ақы төлеуден босатылды – бұл осы салалардағы қызметкерлердің жалпы саны. Алайда, олардың барлығы қажетті медициналық көмекті толық көлемде алуы тиіс, олар үшін Қор төлейді, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев.

 

Салықтар мен әлеуметтік төлемдерге «нөлдік» мөлшерлемені қолданатын субъектілердің тізімі бекітілді. Бұл сауда, көлік және техникалық қызметтер, білім беру, медицина, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, ойын-сауық, бағдарламалық қамтамасыз ету және фитнес субъектілері.

 

Қаулыда көрсетілген санаттарға кірмеген бизнестің субъектілері үшін МӘМС-ке жарна мен аударымды төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін шегерілді.

 

Жеке кәсіпкерлер де жеңілдік алды. Жеке кәсіпкерге 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкері үшін аударым төлеп,  оның жалақысынан жарна ұстаудың қажеті жоқ. Алайда ЖК өзі үшін жарна төлеуі керек, ал төлеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымына дейін ұзартылған.

 

«Заң жарналар мен аударымдардан бас тартуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан 1 қазанға дейін бизнес субъектілерінде төленбеген кезең бойынша қарыз пайда болады. Осыған байланысты Қор жарнадан «босатылған» кызметкерлерге қарызды есептемейтін заң нормасын енгізу туралы ұсыныс айтуда. Өйткені, Қор мұндай сын сағатта елімізге қолдау көрсетуді көздеп отыр.  Қазір бұл ұсыныс бойынша өзгерістер болып жатыр, алдағы уақытта мұны үкімет қарайды», - деді филиал директоры Руслан Бектубаев. 

 

Сонымен қатар, Қор бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеушілер саны өскенін атап өтті.  Себебі, БЖТ төлеу – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақыны алу шарты.

 

«Табыссыз қалған және ресми түрде жұмыс істемейтін азамат қала тұрғыны болса, 2 651 теңге, ал ауыл тұрғыны болса, 1 325 теңге көлемінде БЖТ төлеп, жәрдемақы алуға өтінім бере алады. Сөйтіп, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндігі бар. Осыған байланысты, БЖТ төлеушілердің саны 85 мыңнан (1 сәуірге дейін төлегендер) 1,8 миллион азаматқа дейін ұлғайды. Алайда, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алу үшін БЖТ ай сайын төленуі тиіс. (сақтандырылған мәртебесін алу үшін кемінде 3 ай)», - делінеді хабарламада.  

 

Айта кетейік, қазір Қазақстанда сақтандырылмағандардың үлесі шамамен халықтың 15%-ын құрайды. Дегенмен, 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін барлық азаматтар шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті толық көлемде тегін алуға құқығы бар.

 

Сурет zakon.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему