Бағалы балыққа қол салғандар тиісті жазасын алады
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 00:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бағалы балыққа қол салғандар тиісті жазасын алады

29 Октября 2014 (05:43) | 2194 | Автор: Redactor

 

Өткен аптада Каспий теңізінде бағалы балықтарға қол сұққан шетел азаматтары ұсталды. Әзірбайжанның үш жігіті Қазақстан аумағына түнде кіріп, жүзгеге жуық бекіре балығын заңсыз аулаған. Қазір олардың үстінен ҚР қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалып, қамауға алынды.

 

Браконьерлерді кезекті рейдке шыққан «Қалқан» шекара кемесінің экипажы байқап қалады. Қашпақ болған шетел азаматтарын тоқтату үшін «Жағалау күзетінің» әскерилері қару қолданған. «Ешкім зардап шеккен жоқ, оқты тек ескерту ретінде аттық»,-дейді шекарашылар. Браконьерлерден 94 тал бекіре, 5 мың метрдей балық аулауға тыйым салынған құралдар мен заман талабына сай жарақталған маторлы қайық тәркіленді. Қазір шекара бұзғандар қамауға алынып, уақытша тергеу абақтысына жабылды.

 

Бердімұрат Өрнекешов, ҚР Шекара қызметі «Жағалау күзеті» басқармасы бастығының орынбасары:
-Бұл оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Мемлекеттік шекараны бұзып, бағалы балықтарды заңсыз аулағандары үшін олар 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Қазір анықтау-тергеу жұмыстары басталды.

 

Араға бір күн салып, маңғыстаулық шекарашылар қырық шақты бекіре балығын құтқарып қалды. Ұзындығы 500 метрдей торға түскен тірі балықтарды Каспий теңізінде кезекшілікте жүрген «Тараз» кемесінің экипажы байқап қалған. Жағалау күзетінің әскерилері аса шапшаңдықпен әлгі аудағы бағалы балықтарды босатып алып, суға жіберді. Сәл кешіккенде «Қызыл кітапқа» енген бекірелер қырылып қалар еді. Себебі қозғалыссыз жатқан балықтар ұзаққа бармайды»,-дейді шекарашылар. Балық аулауға тыйым салынған құралдарды теңізге кімнің құрғаны әзірге белгісіз.

 

Бердімұрат Өрнекешов, ҚР Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы бастығының орынбасары:
 - Өкінішке орай, мұндай жағдайлар Каспий теңізінде жиі болады. Құныққан браконьерлердің табиғатқа мүлдем жаны ашымайды, онсыз да жойылудың аз алдында тұрған қызыл балықтарға қырғидай тиеді. Соңғы 2 жылда теңізге ау салған 255 адам ұсталып, 3 мыңға жуық бекіре құтқарылып, суға қайта жіберілген. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему