Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізілген тексерулер бойынша 772 бұзушылықты анықтады
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 02:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізілген тексерулер бойынша 772 бұзушылықты анықтады

5 Января 2020 (13:15) | 3845 | Автор: Редакция

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Дүйсенов айтты.

 

 

Бұзушылықтардың басым көпшілігі – жалақы төлеу мерзімін сақтамау (122 бұзушылық) және еңбек демалыстарын беру мерзімдерін бұзу бойынша (32 бұзушылық) анықталып отыр.

 

-2019 жылдың11 айында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 405 тексеру жүргізілді. Тексерулер,  азаматтардан түскен 1 066 өтініштің негізінде жүргізілді.

2018 жылы 264 тексеру 779 өтініштің негізінде жүргізілді.

 

Жүргізілген тексерулер санының талдауы көрсеткендей, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2019 жылы 53%-ға артқаны байқалады.

 

Анықталған бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау үшін мемлекеттік еңбек инспекторларымен барлығы 301 нұсқама беріліп, 121 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде – 18,1 млн. теңге сомасында 103 айыппұл және 18 ескерту.

 

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда анықталған бұзушылықтардың өсуі байқалады, ол тексерулер санының көбеюінен туындап отыр.

2018 жылғы 11 айда 340 бұзушылық анықталды. 150 ұйғарым енгізіліп, 13,6 млн. теңге сомасында 70 айыппұл салынды және 26 ескерту берілді,-деп мәлімдедібасқарма басшысының орынбасары.

 

Шыңғыс Дүйсенов атап өткендей,«Бұдан басқа, облыс кәсіпорындарында жасақталған ұжымдық шарттарға Басқармамен мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша облыс кәсіпорындарында 1 489 ұжымдық шарт жасақталды. Оның ішінде ірі кәсіпорындарда – 85, орта – 217 және шағын кәсіпорындарда – 1 187 ұжымдық шарт бар.

 

 

2019 жылдың 11 айында 45 жазатайым оқиға орын алды. Олардың салдарынан 51 жұмыскер зардап шегіп, оның ішінде 3 жұмыскер қаза тапты.

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жарақат алушылар санының 6 адамға төмендеуі байқалады (2018 жылы 57 адам жарақат алды, оның 7-уі қаза тапты).

 

Жұмыскерлердің басым көпшілігі жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шекті (11 адам).

 

Жазатайым оқиғалардың ең жиі кездесетін себептері – жол жүру ережелерін бұзу, жұмыс жүргізудің қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы және еңбек қауіпсіздігі тәсілдерін оқытудағы кемшіліктер (7 оқиғадан) және зардап шегушінің өрескел абайсыздығы (6 оқиға) болып табылады.

Өнеркәсіп саласы бойынша жұмыскерлердің ең көп саны мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындарында зардап шегіп отыр (17 адам)».

 

-Қазіргі уақытта «ЭйЭлСи Бизнес Саппорт Сервисез» мекемесінде 126 қызметкердің алдында 15 млн. теңге көлемінде жалақы бойынша мерзімі өткен берешек бар.

 

Аталған жалақы берешегі тапсырыс берушінің («Ақтау Стил») тиісті қаражатты төлемеуі себебінен пайда болды. Қазіргі таңда «Ақтау Стил» мекемесі жұмыс жасамайды. Мекеме басшылары Баку қаласында. Сол себепті, жалақы берешегін өндіру қиындық туғызады. «Ақтау Стилдің» Әзірбайжан тарапынан құрылтайшыларымен жалақыны өндіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр,- деді спикер.

 

Оның айтуынша, банкрот деп танылған 10 кәсіпорында 81 млн. теңге көлемінде жалақы бойынша берешек тіркелген. Аталған жалақы берешегі банкроттық рәсімдер аясында өндіріледі. Банкроттық рәсімдерге бақылауды мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді.

 

-Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік еңбек инспекторларымен облыс кәсіпорындарында 9 652 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалып, 953,4 млн. теңге көлемінде жалақы берешегі өтелді.

 

Берешек фактілері бойынша 77 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 11,6 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды,- деп мәлімдедібасқарма басшысының орынбасары Шыңғыс Дүйсенов.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему