Мұнай әрі қарай арзандаса, 1 доллар 220 теңгені құрауы мүмкін
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 13:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнай әрі қарай арзандаса, 1 доллар 220 теңгені құрауы мүмкін

15 Октября 2014 (18:59) | 3113 | Автор: Redactor

Мұнай әрі қарай арзандаса, 1 доллар 220 теңгені құрауы мүмкін

 

Brent маркалы мұнай бағасының барреліне 80 доллар болып түзілуіне қатысты еліміздің Ұлттық банкі теңгені 15,5 пайызға құнсыздандыруы мүмкін. Бұдан барып бір доллардың құны 220 теңгені құрауы ғажап емес.

Бұл туралы бүгін Қазақстан-Ресей қор нарығының жайын бақылап, бағдарлап отыратын Renaissance Capital ақпараттық қаржылық орталығы мәлімет таратып отыр деп жазады "Алаш айнасы" басылымы.

Аталмыш орталық мамандарының пайымдауынша, Қазақстанның жалпы ішкі өнімі мұнай бағамы барреліне 100 доллар болғанда 4,8-4,5 пайыз болуы керек-тін.

"Дегенмен әлемдік биржада мұнай бағамының әр апта сайын төмендеп жатқанын ескерсек, 2015 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 4,1 пайызды құрауы әбден мүмкін",- дейді мамандар.

 

Сондай-ақ, сарапшылар мұнай бағамы 80 доллар болып түзілер болса, Қазақстан теңгені қайтара құнсыздандыруға мәжбүр екенін алға тартып отыр.

"Ұлттық банк мұндай жағдайда теңгені 15,5 пайызға құнсыздандыру мүмкін. Бұдан барып бір АҚШ доллары 220 теңгені құрайды. Импорт-экспорт ара-қатынасын реттеу үшін Қазақстан осындай қадамға барады" деп отыр сарапшылар.

Бұған қоса мамандар таратып отырған біз үшін ең жайсыз ақпарат "Біздің жобалауымызша, егер мұнайдың бір баррелі 2015 жылы 60 долларды құрайтын болса, онда Қазақстанның ЖІӨ күрт төмендейді. Ал 2015 жылы мұнай бағасы 50 доллардан төмендесе, онда елдің экономикасы құлдырайды. Бұл 2009 жылғы орын алған қаржылық дағдарысты қайтып әкеледі. Біз мұнай бағасының төмендеуіне қатысты экономикалық жағдайдың ушыға түсетінін байқап отырмыз. Сондықтан бұл біраз елдерге ауыр соққы болады" дейді аталмыш орталықтың мамандары.

 

2015 жылы мұнай бағасы 50 доллардан төмендесе, онда елдің экономикасы құлдырайды. Бұл 2009 жылғы орын алған қаржылық дағдарысты қайтып әкеледі.

Мамандардың пайымдауынша, геосаяси жағдай бұдан әрі тереңдей беретін болса, мұнай бағамы 2015 жылы шынымен де барреліне 60 долларға дейін төмендеуі мүмкін.

Ал мұның арты мұнайлы ел Қазақстан экономикасының ауыр соққы алуына ықпал етеді. 

 

Ал әлем елдерін алаңдатқан қара алтын құнындағы өзгеріске бас қатыруды қажет деп таппайтын елдер де бар. Мәселен, ОПЕК-ке мүше мұнай өндіруші алпауыттардың бірі Сауд Арабиясы алдағы уақытта мұнай құны барреліне 90 тұрмақ, 80 долларға түссе де, мұртымызды балта шаппайды дегендей сыңай танытып отыр деп хабарлайды Астана телеарнасы.

 

Бұл жөнінде Ресейдің Vedomosti.ru сайты жазады. Жуырда өткен мұнай нарығы мамандары мен сарапшылар бас қосқан жиынға қатысушылардың сөзіне сенсек, араб елі бағаның құлдырауынан тіпті пайда да табуға ниетті.

Өйткені бағаның төмендеуінен өндірушілер жаңа инвестиция тартуды тоқтатады. Бұл мұнайды мұхит түбіндегі тереңдіктен, тіпті АҚШ-тағы қатпарлы мұнай кен орындарынан өндіру жобасын да тоқыратуы ықтимал деп санайды.

Айта өтейік, ОПЕК елдеріне тиесілі мұнайдың үштен бір бөлігі Сауд Арабиясының еншісінде. Бағаны одан әрі құлдыратпас үшін, көптеген елдер мұнай көлемін қысқартып жатқаны белгілі. Ал күніне 9,7 млн баррель мұнай өндіретін Сауд Арабиясы билігі ол жайында тіпті ойланбайтын да сияқты.

 

 

 


Читать полностью:  http://news.nur.kz/335848.html

 

 


Читать полностью:  http://news.nur.kz/335914.html

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему