Шоқыр Бөлтекұлын  еске алуға арналған бокстан ХII халықаралық турнир
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 21:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған бокстан ХII халықаралық турнир

23 Ноября 2019 (10:20) | 1979 | Автор: Нурганым Имашева

Қазақ боксының негізін қалаушы, бокстан КСРО спорт шебері атанған тұңғыш отандасымыз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ересектер арасындағы ХII халықаралық турнир өтпек. Оған Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркия, Ресей Федерациясының құрама командалары және еліміздің 11 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қалалардан спортшылар қатысады.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысы «Өңірлік Коммуникациялар» қызметінде өткен брифингте айтылды.  Сонымен қатар турнирде Қазақстан ұлттық құрама командасының әлемдік ареналарда топ жарып жүрген боксшылары да бақ сынайды. Атап айтар болсақ, Қайрат Ералиев, Ильяс Сүлейменов, Закир Сафиуллин, Тұрсынбай Құлахмет, Әбілхан Аманқұл, Бек Нұрмағанбет, Ерік Әлжанов, Нұрбол Қалжанов, ағайынды Төлтаевтар, т.б. қатысады. Жарыс «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде өтеді, 24 қарашаға дейін жалғасады. 57 келі, 63 келі, 75 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, үздік шыққандар 2020 жылы ақпан айында Қытайда өтетін жазғы Олимпиада Ойындарына жолдама беретін жарысқа қатысу құқығына ие болады.

 

Жарыстың құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев, құрама бапкерлері Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Олимпиада Ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев, Әлем чемпионы Галиб Джабаров, т.б.

 

 

Жарыстың бағдарламасы:

 

21 қараша, сағат 14:00 – алдын-ала кездесулер

 

сағат 18:00 – жарыстың салтанатты ашылуы

 

22 қараша, сағат 14:00 – ширек финал

 

23 қараша, сағат 14:00 – жартылай финал

 

24 қараша, сағат 12:00 – финал, турнирдің жабылу салтанаты

 

Фотоны ұсынған өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему