Құрбан айт-халықтың ұлық мейрамы
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 06:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құрбан айт-халықтың ұлық мейрамы

3 Октября 2014 (05:35) | 3011 | Автор: Redactor

Құрбан айт-халықтың ұлық мейрамы

 

Күллі мұсылман жұртшылығы үшін ең үлкен мереке «Құрбан айт». Себебі, Алла Тағала жыл он екі айдың ішінде осы күнде ғана қажылық парызды өтеуді мұсылмандарға парыз еткен және құрбан шалуды бұйырған.

 

«Құрбан шалу пенденің Жаратушы алдындағы құлшылық міндеттерінің бірі. Адам құрбан шалу арқылы өзін жоқтан бар еткен Алла Тағалаға жақындай түседі.

 Сол себепті құрбан сөзінің араб тіліндегі мағынасы «жақын болу», «жақындау» дегенді білдіреді.

 

Адам баласының құлшылық ниетімен жасаған әрбір амалы тек өзінің пайдасы үшін ғана қажет. Яғни өзге біреу үшін амал етілмейді.

 

Тіпті Алла Тағала біздің амалымызға мұқтаж емес. Керісінше біз шарасыз, әлсіз пенде болғандықтан Ұлы Жаратушыға мұқтажбыз. Міне осы мұқтаждығымыз үшін жылына бір рет Аллаға жақындау үшін құрбан шаламыз.

 

Құрбан шалу да әрбір мұсылманның мойнындағы міндеті емес. Тек жағдайы болған мұсылман кісі ғана құрбан шалумен міндетті.

 

Құрбан шалу кезінде мұсылман адам бұл амалын шын ықылас ниетімен орындаған жағдайда ғана Алланың мейіріміне бөленеді. Әрбір мұсылманның бұл өмірдегі басты мақсаты Ұлы Жаратушының разылығын алу мен Оның мейір шапағатына бөлену болғандықтан әрбір сәтті тиімді пайдалануды ойлайды.

 

 Осындай сәттің бірі болған құрбан айт күндері құрбан шалуды өз деңгейінде орындай алса, алдыға қойған мақсатының орындалғаны,-дейді ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамыСмайыл Сейтбеков.

 

Құрбан шалу үкімі 625 жылы бұйырылды. Міне сол күннен бастап барша мұсылмандар құлшылық ниетімен құрбан шалуда.

 

Исламның бес парызының бірі болған қажылық тек осы күндері өтелетін болғандықтан бұл санаулы күн ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен милиондаған мұсылман қасиетті Мекке топырағын басып, Алланың жердегі үйі қасиетті Қағбаны тауап етіп, қажылық борышын өтеуге тырысады.

 

Кезінде Ибраһим пайғамбар Алланың әмірімен Кағбаны ұлы Исмайылмен бірге салып, қажылық етеді. Міне содан бастап қажылық міндет өтеліп келеді.

 

«Қажылар өз құлшылықтарын Меккеде өтеп жатқанда, біздер де мұнда айт күндері құрбандығымызды шалып, өз мінәжатымызды орындаймыз.

 

Құрбан шалу пенденің күнәсінің кешірілуіне себеп болатын ұлық ғибадат. Құрбан шалған соң етті үшке бөліп, бір бөлігін өз отбасына алып қалуына болады, ал екі бөлігін көршіге, жағдайы төмен отбасыға беру үлкен сауап болмақ. Құрбандық малдың терісін үйінде алып қалуына болмайды. Оны да беріп жіберу керек немесе сатып, ақшасын жағдайы төмен жандарға садақа ретінде беру керек.

 

Құрметті ағайын! Біздер бүгін Елбасымыздың жүргізген сара жолының нәтижесінде ата-баба дінімізді ұлықтап, құрбан айт күнін мереке етіп тойлаудамыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі өскелең ұрпаққа имандылығымызды үйретер мүмкіндік.

 

Олай болса, әрбіріміз шама-шарқымызға қарап құрбан шалайық, өзгелерді айт мерекесімен құттықтайық, шалған құрбандығымыздың етін жағдайы төмен отбасыларға таратып беру арқылы, сауапты іске ұмтылайық. Айт құтты болсын ағайын!» - дейді ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему