Маңғыстау облыстық соты «Еңбек күнін» атап өтті
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық соты «Еңбек күнін» атап өтті

29 Сентября 2014 (08:54) | 2402 | Автор: Redactor

Маңғыстау облыстық соты «Еңбек күнін» атап өтті

 

Елбасының Жарлығымен қыркүйектің соңғы демалыс күнінде атап өтілетін болып бекітілген «Еңбек күні» елімізде алғаш рет биылғы жылы 28 қыркүйекте аталып өтті.

 

Оның негізгі мақсаты-мемлекет басшысының жалпы және ортақ еңбек қоғамын құру идеясының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көп жылғы еңбек дәстүрлерін нығайту болып табылады.

     

Маңғыстау облыстық сотындағы «Еңбек күніне» арналған салтанатты жиынға ұжым мүшелері түгел жиылды.

 

Ұжым алдында сөз сөйлеген облыстық сот төрағасы Досжан Әміров сот қызметкерлерін атаулы мерекемен қызу құттықтап, еңбектің біздің қоғамда алар орнына тоқталып өтті, ұжым қызметкерлеріне сот жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және көпжылғы еңбектері үшін алғысын білдірді.

     

- Маңдай терін төкпей ешбір жетістікке жету мүмкін емес. Тек еңбек қана адамның кәсіби жағынан өсуіне мол мүмкіндіктер туғызады, игілікті іспен айналысуына жол ашады. Өмірде алға қойған мақсатқа жетудің оңай еместігін еңбектенген адам ғана түсінеді.

Елбасымыздың 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына ену туралы тапсырмасын орындау үшін де әрқайсымызға қажырлы еңбек етіп, тер төгуге тура келеді. Сондықтан тек адал еңбек қана биік шыңдарға жеткізіп, әр адамның алға қойған мақсаттарының орындалуына жол ашады. Баршаңызға да еңбекте үлкен жетістіктер мен жеңістер тілеймін. Сот саласының дамуына қосып жатқан ерен еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіремін», - деді облыстық соттың төрағасы Досжан Сарманқұлұлы Әміров.

 

Маңғыстау облыстық соты «Еңбек күнін» атап өтті

Осыдан соң ұйымдастырылған марапаттау рәсімінде өз лауазымдық міндеттерін адал орындағаны үшін Маңғыстау облыстық сотының көлік жүргізушісі Демесинов Серікқұл Бөлейұлы, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының көлік жүргізушісі Шерниязов Әділбек Ізімұлы, Ақтау гарнизоны сотының кеңсе тазалаушысы Байжанова Дархан, Маңғыстау облысы сотының шаруа меңгерушісі Тулепбергенова Қарлығаш Қауғабайқызы, Маңғыстау облысы сотының ғимарат жұмысшысы Байжанов Кенжебек Омарұлы, Маңғыстау облысы сотының ғимарат жұмысшысы Елемесов Әбдірасул, Ақтау қаласы №2 сотының кеңсе тазалаушысы Меңдібаева Гүлжамал Жұмажанқызы сынды жергілікті соттардың штаттан тыс қызметкерлеріне Облыстық сот төрағасының «Алғыс хаты» табысталды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему