Биыл Маңғыстауда 9241отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 12:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Биыл Маңғыстауда 9241отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

23 Сентября 2019 (11:26) | 1921 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қарашаш Нұрмамедова айтты.

 

 

-Облыс бойынша заңсыз төленген төлемдерді қайтару бойынша 1-тоқсанда 64 адамға төлем тоқтатылды, олар бюджетке 21,8 млн теңге қайтару керек, ал 4 адамға төлемнің заңдылығы дәлелденіп, төлем жалғастырылды. Екінші тоқсанда 487 адамға заңсыз төленген 48,1 млн теңге бюджетке қайтарылуға жатады, - деді Қарашаш Ишбергенқызы

 

Сонымен қатар 163 отбасы табысын жасырған деп танылып, төлем тоқтатылды, олар бюджетке 32, 4 млн қайтаруы тиіс. Жалпы 1425 отбасыға көмек төлеу жалғастырылды. Қазіргі есептеулер бойынша 714 отбасынан бюджетке 102,3 млн теңге қайтарылуы қажет, оның ішінен бүгінгі күні 78 отбасы 9,2 млн теңгені қайтарды.

 

Атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 4 427, 2 млн теңге (Республикалық бюджеттен, Ұлттық қордан - 3 875,2 млн, жергілікті бюджеттен - 551,9 млн теңге) бөлінді.

 

 

Жыл соңына дейін көмек алушылар санының 55 мың адамға (қазір -51 138 адам) дейін өсетінін ескере отырып, қосымша 3 127,8 млн теңге қаржы қажет етіледі.

 

Айта кетейік, 1 928 отбасыға (10 502 адам) атаулы әлеуметтік көмекті төлеу аяқталды. Қазіргі кездегі алушылар саны 7 308 отбасын (40 820 адам) құрап отыр.

 

Суретті түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему