Құтқарушылар «Школьник» орталығындағы жас әріптестерін өз қызметтерімен таныстырды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 17:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылар «Школьник» орталығындағы жас әріптестерін өз қызметтерімен таныстырды

27 Августа 2019 (11:29) | 1891 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері «Школьник» орталығының «Жас құтқарушы» үйірмесінің балаларына арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Үйірме жетекшісі Зайцева Валентина Петровна балаларды кездесуге алып келді.

 

 

Іс-шара барысында құтқарушылар балаларға қолда бар жүзу құралдарын, сүңгуір және авариялық-құтқару жабдықтарын көрсетті, оқушыларға құтқарушының жұмысы туралы, судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді.

 

 

«Жыл сайын Қазақстанда мыңға жуық адам суға батып кетеді, бұл қорқынышты көрсеткіш. Көптеген адамдар су бетінде жай ғана тұруды да білмейді, сондықтан өзін сенімді сезіну үшін және қажет болған жағдайда суға батушыға көмек көрсету үшін бала кезінде жүзу техникасын меңгеру өте маңызды»,- деп атап өтті құтқарушылар.

 

 

-Балаларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, зардап шеккендерге көмек көрсету кезіндегі дұрыс іс-әрекеттер туралы жадынамалар мен буклеттер таратылды.

 

Балалар үшін осы кездесудің ең есте қаларлық оқиғасы – нағыз құтқару кемесіне мініп серуендеу болды. Балалар қаншама қуаныш пен жағымды эмоциялар алды.

 

Құтқарушылар жас өрт сөндірушілер осы күнді және алған білімдерін мәңгі есте сақтайды деп үміттенеді,- дейді осы жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему