Ақтаудағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» енді цифрлық сервистер көрсетілмек
Курс валют в Актау
на 04/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
4 Мая, 04:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» енді цифрлық сервистер көрсетілмек

26 Августа 2019 (13:20) | 1349 | Автор: Нурганым Имашева

Өткен жұманың соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ғимаратында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында электронды қызметтерді тегін алуға мүмкіндік беретін өзіне өзі қызет көрсету бұрышы ашылды.

 

 

Қазіргі таңда нақты уақыт және жедел жауап беру режімінде азаматтардың ескертпелері мен ұсыныстарын есепке алу үшін жаңа технологияларды қолдануының маңыздылығы өте жоғары. Бұл бағытта мемлекеттік қызметтерді көрсетуді электрондық нысанға аудару және цифрландыру айрықша орынға ие.

 

Осы орайда қызмет алушыларға ең қолайлысы электрондық нысандағы қызметтер.

 

Ашылу салтанатында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Качаков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Медет Абугалиев, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Тимур Садвакасов жаңа «өзіне өзі қызмет көрсету бұрышының» жауапты мамандарына сәттілік тілеп, алғашқы болып электрондық қызметтерді алды.

 

 

-Осындай қызмет бұрыштары тұрғындар үшін өте қолайлы. Мәселен, тұрғын үйге несие рәсімдеудің өзінде түрлі анықтамалар қажет болуы мүмкін. Қызмет алушыларға ендігі жерде халыққа қызмет көрсету орталықтарын, мемлекеттік органдарды жағалап кетпей, өздеріне қажетті құжатты, анықтамаларды осы банктегі бұрыштың өзінен алу өте қолайлы болмақ.

 

Банк саласында тұңғыш рет ашылған осындай шағын орталық Мемлекет басшысының электронды нысанға көшіру және цифрландыру арқылы қызметтерді халықтың түрлі әлеуметтік топтары үшін қолжетімді ету қажет деген тапсырмасын орындаудағы тағы да бір нақты қадам деп айтуға толық негіз бар.

 

«E-gov», Telegram-bot сияқты цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін халық арасында кең көлемде насихаттау Агенттіктің аумақтық департаментінің негізгі басым бағыттарының бірі болып табылады,-деп Нұргүл Жанназарова облыс және қала әкімдігі мен тұрғын үй құрылыс банкінің басшылығына алғысын білдірді.

 

Кездесу барысында банктегі шағын орталықтың алғашқы қызмет алушылары да өз тілектері мен жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мәселен, қала тұрғыны Бердібай Толыбек 3-4 күн бойы несие рәсімдеу үшін ХҚКО мен банк арасында жүрістің көп уақыт алатынын және мекен-жай анықтамасы мен несие тарихы бойынша құжатты осы жаңа ашылған қызмет бұрышынан алып, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

 

Сонымен бірге, зейнет жасындағы мұғалім Қарлығаш Нұртаева халыққа көрсетілетін қызметтердің басым көпшілігі электронды нұсқада болуы тұрғындарға өте қолайлы және мемлекет тарапынан қызмет алушыларға жағдайдың жасалуы - біріншіден уақыт үнемдеуге, екіншіден қажетті құжаттарды жылдам алуға болады деген пікірімен бөлісті.

 

 

-Айта кетейік, ХҚКО-на келетін қызмет алушылардың басым бөлігі осы «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіндегі» мәселелер бойынша келушілер. Сондай-ақ, 60-тан астам электрондық қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында» ЭЦҚ арқылы жылжымайтын мүліктерінің бар-жоқтығы туралы анықтамалар, мекен-жай жөніндегі анықтамалар, зейнетақылардың аударымы туралы анықтамалар және т.б. қызмет түрлерін алуға болады.

 

Сонымен қатар, азаматтарға несие тарихын да еш кедергісіз алуына мүмкіндік бар.

 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының басты мақсаты – қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында «E-gov» электронды үкімет порталын танымал ету.

 

Жақында осындай қызмет көрсету бұрышы аумақтық департаменттің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалымен бірлесіп Ақтау қаласында орналасқан «Заман» әмбебап сауда орталығында ашылған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша осыған ұқсас өзіне - өзі қызмет көрсету бұрыштары басқа да халық көп жиналатын орындарда ашылатын болады,- деп мәлімдейді ақжолтай жаңалықпени бөліскен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему