Түзету мекемелерінде өткен маңызды кездесу
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 20:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Түзету мекемелерінде өткен маңызды кездесу

2 Августа 2019 (12:40) | 1927 | Автор: Редакция

Ақтау қалалық «ГМ-172/10» мекемесінің жеке құрамына жемқорлыққа қарсы түсіндірме шаралары өткізілді.

 

 

Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының бас маманы Нұргүл Мұқатай және облыстық орталық мешітінің бас имамының орынбасары Қажымұхан Елжан қатысты.

 

Шара барысында Нұргүл Мұқатай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жұмыстары бойынша түсінік беріп өтті.

 

 

Сонымен қатар, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасының аясында атқарылған жұмыстарымен таныстырып өтті.

 

Айта кетсек, Департаментпен және «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық офисінің бастамасымен тұлға бойында адалдық қасиеттерін нығайту мен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жыл басынан бері 109 «Адалдық дүкендері» оқу орындарында, Ақтау әуежайында, Абай атындағы мәдениет үйінде, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ғимаратында және Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ашылды. Мемлекеттік мекемелердің жұмысының ашықтығын азаматтарға, келушілерге қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Маңғыстау облыстық көші қон полициясының және Маңғыстау облыстық метрология департаментінің бірінші басшыларының кабинеттері «Open space» форматына көшірілді.

 

 

Бұдан басқа, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобасымен «Мейірбике» ЖШС колледжінің оқу ғимаратының орналасқан жерінде студенттер үшін жүргіншілер жолағын салдыру мәселесі оңынан шешілді.

 

Сондай – ақ, облыстық орталық мешітінің бас имамының орынбасары Қажымұхан Елжан сыбайлас жемқорлық сияқты ұғымның қоғамға тигізер зияны туралы айтып өтіп, тек қана зайырлы заңдар емес, сонымен бірге қасиетті Құран аяттары мен Мұхаммед Пайғамбардың сүннетімен де аса қатал түрде айыпталатынын жеткізді.

 

 

Бұған қоса, спикерлер сыбайлас жемқорлық салдары бойынша шағым түсіруге немесе толық ақпарат алу бойынша республикалық 1424 шұғыл желісіне хабарласуға және аумақтық департаментке жүгінуге болатынын атап өтті.

 

Шара соңында мекеме қызметкерлерінің туындаған сұрақтарына жауап беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 

Фото редакция мұрағатынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему