«Астана экономикалық форумы» Маңғыстауда 8000-дай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 14:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Астана экономикалық форумы» Маңғыстауда 8000-дай жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді

23 Мая 2019 (12:33) | 2911 | Автор: Нурганым Имашева

20 дан астам ірі шетелдік инвесторлар қатысқан жиында Маңғыстау облысы 2,2 млрд АҚШ долларын құрайтын 8 меморандумға қол қойды.

 

 

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы баяндады.

 

2019-жылдың 16-17 күндері Нұр-Сұлтан қаласында 12-рет өткізілген «Астана экономикалық форумының» аясында «өңір қонақ» жаңа жүйесі енгізіліп, оған алғаш болып Маңғыстау облысы таңдалды. Өңірлерге инвестиция тартудың жаңа моделі ретінде құрылған бұл жүйенің басты мақсаты - әлемдік деңгейдегі жаңа инвесторлар мен қаржы ұйымдарын жұмылдыру. «Астана» Халықаралық қаржы орталығында өткен форумда облыс әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өңірінің инвестициялық әлеуетімен таныстырып, нәтижесінде жаңа меморандум аясында жан-жақты келісімге келді. Алдағы 5 жылдықта шетелдік ірі компаниялардың демеушілігімен түрлі салаларда бірнеше жобалар іске асырылатын болады:

 

Құны 1,8 млрд долларды құрайтын WESTGASOIL PTE Сингапурлық компаниясының «Олефин мен метанол өндіру зауыты» құрылысы іске аспақшы.

 

 

Көлік және тасымалдау саласында өзіндік орыны бар Шанхайлық компания өкілдері «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүк қоймасының құрылысын бастауға ынталы.

 

Сондай-ақ, Онды ауылы маңында 200 млн ақш доллары тұратын көп функционалды логистикалық орталықтың «Бескемпір кенорынында шойын өндіру зауыты» құрылысы іске аспақ. Өндірілген шойын алыс-жақын шетелдерге экспортталады деп күтілуде.

 

Түрік инвесторлары Каспий теңізі жағалауынан демалыс аймағын жасақтап және де жаңа құрылғылармен жабдықталған аурухана мен емхана құрылысын бастауға ниетті.

 

Кореяның «Кit wheiti» компаниясы Маңғыстауда қатерлі ісік ауруына қарсы емдік қасиеті бар көкөніс өнімдерін өсіруді қолға алмақшы.

 

 

Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Техногран Ақтөбе» ЖШС арасында «Шойын өндіретін зауыт» құрылысына арналған меморандум жасақталды.

 

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 2019-2025 жылдарға бағытталған, 2,4 трлн. теңге құрайтын 44 инвестициялық жобасы белгіленді. Олардың ішінде, шет мемлекеттердің қатысуымен 2,2 триллион тенге құрайтын 18 жобаны іске асыру жоспарланған. 2019 жылы облыста 66,7 млрд. теңгені құрайтын 22 жобаны, оның ішінде, құны 38,4 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны шетелдіктердің қатысумен іске қосу көзделіп отыр.

 

Бұрын соңды мұнай мен газге ғана бағытталып қалған облыста жерасты байлықтарын игеріп, металл өңдеу саласын да жандандыру ойға алынған. Осы жобалар аясында өңірде 8000 ға жуық жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті мамандармен толығатын болады. Қазірдің өзінде кадр дайындау мәселесі Облыстық білім басқармасымен қолға алынуда.

 

- Бұдан басқа, тұзсыздандыру зауытының, каустикалық сода мен тұз қышқылын шығаратын зауыттың, су тұшыту қондырғысының құрылысы сияқты перспективалық жобалар жүзеге асырылады. Қыркүйек айына жоспарланған «Каспий жағалау елдерінің саммитін» өткізуге дайындық басталып кетті. Аталған шараға өңірдің экономикалық әлеуетіне қызығушылық танытқан шетелдік инвесторлар шақырылады – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы.

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему