2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 14:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады

19 Апреля 2019 (09:28) | 3568 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Ғаббас Досатов айтты.

 

 

 

-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен «Охотзоопром ӨБ» РМҚК арасындағы «Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарларды есепке алу және оған мониторинг жүргізу» туралы келісім-шартқа сәйкес жануарлар дүниесіне санақ жұмыстары жүргізіледі. Санақ жұмыстары ғылыми институттардың, инспекцияның және ЕҚТА инспекторларының қатысуымен жүргізіледі. Облыс аумағында 2016 жылы әуе санағы жүргізіліп, барлық ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтылды. 2018 жылғы санақ жұмыстарының қортындысы бойынша архар -1550 бас(2017-1500), қарақұйрық -1000(2017-1000), киік –3700 (2017- 2700) басты құрады,-деді Ғ.Досатов

 

Маңғыстау облысында әуесқой аң аулау (спорттық) аулау жүргізіледі. Облыста 1 /бір/ аңшылық шаруашылығын жүргізуші тіркелген - Маңғыстау облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы бірлестігі, оған 9 аң аулау алқаптары бекітілген, аң аулау алқаптарының жалпы көлемі 831, 08 мың гектар.

 

«2018 жылдың 15 ақпанынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге жануарлар дүниесі объектілерін лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.02.2018ж.№58 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысына 42100 бірлік көлемінде аң аулауға лимит белгіленді. Облыс аумағындағы аң аулау алқаптарында аңшылық маусым 1-ші қыркүйектен бастап келесі жылдың 15 ақпаныны аралығында өтеді.

 

Қасқыр аулау мемлекеттік қызмет болып табылады. Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында 22 бас қасқырға және 4 шибөрі аулауға рұқсат берілді. 2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады.

 

 

2016 жылдан бастап Қазақстанда көктемгі аң аулау тоқтатылды. Оған себеп, Қазақстандық биоалуан түрлікті сақтау Ассоциациясы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты көктемгі аң аулау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп Биологиялық негіздеме дайындады. Биологиялық негіздеменің қорытындысы бойынша барлық суда жүзетін құстардың Қазақстан аумағы бойынша саны күрт азайған. Оның себебі көктемгі аң аулау кезінде аталық құстарды аулауға рұқсат беріледі, ал аңшылардың негізгі бөлігі аталық және аналық құстарды айыра бермейді, сондықтан олар барлығын бірдей аулайды және көктемде үйректерді суға «алдамшы үйрек» қойып аулауы тиіс, оны көпшілігі сақтай бермейді. Сонымен бірге көктемгі мезгілде аналық құстардың жұмыртқа салатын мезгілі.

 

-Көктемгі мезгіл жан-жануарлардың көбейіп, таралатын мезгілі, ал аңшылар мылтық атып, аң аулайтын болса басқа да жануарларды да өз мекендеу ортасынан үркітетіні белгілі.

 

Өткен жылдың қыркүйек және қараша айларында «Үстірт» қорығы аумағында фототұзаққа алабарыс түскені белгілі. Алабарыстың аталық екені анықталды. Осыған байланысты, ғылыми мамандар қорық аумағына қосымша фототұзақ қою жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Суреттер Өңірлік коммуникациялар қызметінен және ru.sputniknews.kz, forum.atvclub.kz сайттарынан алынған

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему