Маңғыстау жастары Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 21:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау жастары Ұлыстың ұлы күнін ерекше атап өтті

25 Марта 2019 (11:13) | 2761 | Автор: Нурганым Имашева

22 наурыз күні Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы «Жаңалықтың жаршысы – әз-Наурыз» атауымен мерекелік шара ұйымдастырды.

 

 

Теңіз жағалауында «Жастар үйі» тігіліп, кешкілік бастаңғы ұйымдастырылып, гір көтеру, арқан тарыс, қол күресі, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен қала тұрғындары арасында сайыс ұйымдастырылды.

 

 

Сонымен қатар, ұйымдастырушы жастар тарапынан қала тұрғындары мен қонақтарына арнайы мерекелік бағдарлама ұсынды. Мәселен, «Ақ жол» жастар театры драматург Өтен Ахметтің «Ерім деп өткен ер Жалау» қойылымын көрсетсе, ал өңіріміздің ең үздік еріктілер мектебі – «Еріктілер корпусы» мерекелік кеште халық назарына өз өнерлерін ұсынды.

 

 

«Жастар үйінде» аймақ басшысы Ералы Тоғжанов қонақта болып, мерекеге орай тілек айтып, жастарға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар, еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, еңбек ардагерлері, өңіріміздің белсенді жастары мен қала тұрғындары да осында қонақта болып, жастарға көрсеткен сый-құрметтері үшін зор ризашылықтарын білдірді, мерекелік құттықтаулары мен ақ тілектерін арнады. Маңғыстаудың өнерлі жастарының қатысуымен өткен «Төрлет, әз-Наурыз» мерекелік гала-концерті салтанатты жиын-той-думанның нүктесін қойды.

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему