Ақтаудағы Ш.Есенов университеті Наурыз мейрамын тың жаңалықтармен қарсы алды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 20:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы Ш.Есенов университеті Наурыз мейрамын тың жаңалықтармен қарсы алды

17 Марта 2019 (09:14) | 2992 | Автор: Нурганым Имашева

Қырық жылдық тарихы бар Yessenov University Маңғыстау өңірінің жедел дамып отырған әлеуметтік-экономикалық салаларына мыңдаған мамандар даярлап, экономикалық-шаруашылық, мұнай-газ, құқық, оқу-ағарту, құрылыс т.б. салаларының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді.

 

 

Бүгінде Yessenov University – жоғары материалдық-техникалық базамен жабдықталған, студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық дамуына жан-жақты мүмкіндік беретін, аймақтың дәстүрлі және инновациялық кластерлері үшін мамандар даярлауды жүзеге асыруға икемді тұтас ғылыми-техникалық инфрақұрылым болып табылады.

 

Биылғы оқу жылында университет студенттерінің саны үш есеге артты. Олардың арасында мыңнан аса шет елден келген білім алушылар қабылданды.

 

Елбасымыз осы 2019-жылды Жастар жылы деп жариялағаны баршамызға мәлім. Мемлекет басшысы қашанда жастарымызға көп көңіл бөледі. Дамып келе жатқан елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, қатарына үлгі болуы міндетті.

 

Өткен жылдан бері өңір жастары бірнеше стартап жобаларға қатысу арқылы кәсіпкерлігін бастап, табыс әкелуде. Соның бірі «Менің арманым» ұлттық стартап жобалар байқауы. Университетте ұйымдастырылған іріктеу кезеңінде 200-ден астам идеялар тіркелді, үздік 42 жоба жергілікті кәсіпкерлерге өз жобаларын қорғап, 30 жоба ширек финалға, соның ішінде 8 жоба жартылай финалға қатысып, 5 жоба финалға өтті. Солардың бірі, жақында өткен облыстық жастар форумында университет студенттерінің таныстырған «Ақылды таяқша» жобасы қазіргі таңда өте керекті әлеуметтік жобалардың бірі. Студенттеріміздің осындай жобаларды ойлап тауып жатқандығы, және сол жастардың көбісі Yessenov University-ден шыққанына біз өте қуаныштымыз.

 

 

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын қолдау және жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында университет биылғы жылы 500 орындық студенттік жатақхана, келесі жылы тағы бір 500 орындық студенттік жатақхана салуды жоспарлауы қуантарлық жай.

 

Алдына биік міндеттер қойған оқу орны Амал мейрамын ауқымды шарамен атап өтті, университет алаңына 5 факультет, 1 колледж атынан және ректораттың атынан 7 киіз үй тігіліп, сахна жіне алтыбақан құрды. Қонақтарды өнерпаз студенттер ән мен жырдан шашу шашып қарсы алса, қаз-қатар тізілген келіндер сәлем етіп қарсы алды.

 

Амал тойға жиналған қонақтарды және университет ұжымы мен студенттерді оқу орнының ректоры Б.Ахметов құттықтады.

 

Сахнада студенттердің күшімен көріністер дайындалып, баланың өмірге келген сәтінен бастап, есейіп-ержеткенге дейінгі салт-дәстүр көріністері көрсетілді. «Құда түсу» дәстүрін Базалық факультеті, «Қыз ұзату» дәстүрін Инжиниринг факультеті, «Беташар» дәстүрін Педагогика факультеті, «Бесікке салу» дәстүрін Бизнес және құқық факультеті, «Тұсау кесу» дәстүрін университет колледжі көрсетсе, той аясында «Ең үздік сахналық қойылым», «Ең әдемі ақбоз киіз үй», «Ең әдемі киім - ұлтының киімі», «Ең ұзын шаш» байқауы өткізіліп, кір тасын көтеру, арқан тарту, қошқар көтеру сайсытары мен «Есенов барысы» палуандар сайысы өткізіліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Амал тойы концерттік бағдарламалармен жалғасты.

 

Сонымен қатар, мереке күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында университетте тарих факультеті студенттері үшін А.Меңдалиев аудиториясы, Ж.Сейдалиев аудиториясы салтанатты түрде ашылды. Аудиториялардың ашылуына құрметті қонақтар, облыс ардагерлерімен бірге А.Меңдалиевтің және Ж.Сейдалиевтің туысқандары қатысты.

 

«Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша А.Меңдалиев оқу аудиториясы демеуші көмегімен ашылды.

 

А. Мендалыұлы – халықтың шежіреші, шешен-биі, ауызша тарихшысы. Алшын Меңдалиев 1937 жылдан репрессияға түсіп, өмірінің 25 жылын Кеңестік лагерлерде өткізіп, тоталитарлық қоғамнан жеңілмей елге оралып, халқына қызмет еткен, қызыл өкіметті мойындатқан халық ұлы. Қазақ халқының, оның ішінде Маңғыстау қазақтарының басынан кешірген тарихи оқиғаларының ізін зерделеген өлкетанушы. Маңғыстау қазақтары-Адайлардың рулық генеалогиясын, шежіресін қағаз бетіне түсірген алғашқы автордың бірі.

 

«Рухани жаңғыру бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша Ж. Сейдалиев оқу аудиториясы да демеуші көмегімен ашылды.

 

Ж. Сейдалиев-қоғам қайраткері, көп жылдар ауыл-шаруашылығы саласында басшылық қызмет атқарған. «Парасат» қозғалысының жетекшісі, «Халықтық келісім» ҚБ-нің бірінші төрағасы

 

 

Сондай-ақ, университетте жастар кәсіпкерлігін қолдау орталығы ашылды. Бұл орталықта студент жастар тың идеяларын, жобаларын тек сөз жүзінде қалдырмай, нақты іске айналдырып, нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік алады. Ол үшін жастардың бірнеше тілді білу жағдайы да қарастырылған. Яғни, орталық жанынан кәріс тілі, латын тілі, ағылшын тілі орталықтары ашылып, сутденттерге тіл үйрету жұмыстарымен айналыспақ.

 

«Корей тілі» кабинетінің ашылуы туралыайтар болсақ, Тонмен Университеті (Оңтүстік Корея) мен Yessenov University арасындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстарының жалғасы ретінде, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанындағы «Корей тілі орталығының» директоры Сон Си Мьен мырзаның қолдауымен «Корея Республикасының мәдениеті мен тарихын танымал ету және корей тілін үйренуге қолдау көрсету» мақсатында ашылады.

 

Бұл туралы біздің басылымға университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттерді түсірген «Yessenov University» баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему