ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Маңғыстауда
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 05:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Маңғыстауда

3 Марта 2019 (09:14) | 2301 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде өңірімізге іс-сапармен келген ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмағамбетовтың қатысуымен кездесу өтті. Сондай-ақ жиынға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова, мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов пен мекеме ұжымы қатысты.

 

 

Алғаш сөз кезегін алған ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Жұмабекұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, мемлекеттік органның әлеуметтік құндылықтары жөнінде түсінік беріп, мемлекеттік қызметте өзара қарым қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру мен басшылардың қарамағындағы қызметшілерімен қарым-қатынас кезінде ұстану қажет маңызды қағидалардың бірқатарын атап өтті.

 

Расында, ұжымда жайлы моральдық адамгершілік ахуалды қалыптастыруда басшының рөлі өте зор. Бұл тұрғыда басшының кәсіби біліктілігімен қатар, оның адамгершілік қасиеттерінің жоғары болуы маңызды.

 

* Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ кәсіби әдеп нормаларын сақтау біздің ортақ жауапкершілігіміз болып табылады, - дейді министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі.

 

 

Шара барысында аумақтық департамент басшысы Нұргүл Алмасқызы ҚР Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Ташмағамбетовке өңірдегі мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет саласының жағдайын, қазіргі таңда енгізіліп жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды оның ішінде Агенттікпен енгізілген «casual friday» яғни аптаның жұма күндері еркін киініп келу мүмкіндігі бар екендігін, факторлы-баллдық шкала бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін, оның мемлекеттік қызмет саласына тигізіп жатқан оң әсері мен қоғамда қызығушылықтың артқанын жеткізді.

 

Нұргүл Алмасқызы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Агенттікпен бастау алған «Өзгерістерді өзіңнен баста» атты жобасы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымын рухани және мәдени шараларға атсалысып, белсенділік танытуға шақырды. Атап айтқанда ұжымдастармен бірігіп театрға бару, қарттар үйі мен жағдайы төмен отбасыларға қолұшын беріп, қайырымдылық шараларына қатысу және тағы басқалары. - Себебі, мұндай игі істер мен басқосулар ұжым арасындағы, басшы мен қызметкерлер арасындағы ауызбіршілікті нығайтады, - дейді департамент басшысы.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему