Маңғыстауда 80-ге жуық бала онкологиялық сырқатпен есепте тұр
Курс валют в Актау
на 11/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
11 Мая, 02:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 80-ге жуық бала онкологиялық сырқатпен есепте тұр

16 Февраля 2019 (13:07) | 2070 | Автор: Нурганым Имашева

15 ақпан – дүниежүзілік қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні. Бүгінде дүниежүзі бойынша тек ересектер ғана емес, қатерлі ісікке шалдыққандар арасында балалардың саны да көбейген. Өкінішке қарай, Маңғыстауда да бұл көрсеткіш көңіл көншітердей емес.

 

 

-Маңғыстауда онкологиялық аурумен есепте тұрған науқастар саны 4013 болса, соның 77-сі – балалар, - дейді Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансер директорының орынбасары Жаңыл Жарылқасынова.

 

Жаңыл Жарылқасынованың айтуынша, қатерлі ісікке шалдыққан науқастар басқа ауруларға қарағанда, есепте өмір бойы тұрады. Яғни, емделушілер есептен тек басқа жаққа көшкенде, не болмаса қайтыс болғанда шығарылады.

 

-Қазір әлеуметтік желілерде обыр ауруына шалдыққан балалардың суретін салып, көмек сұрайтын жазбалар көбейіп кетті. Елімізде мұндай ауру азабын тартқан балалар тегін емделеді. Әрқайсысына мемлекет орта есеппен 10-12 миллион теңге бөледі екен. Бірақ ата-аналар отандық мамандарға сенімсіздік танытып, баласымен бірге шетел асатындары көбейді. Дәрігерлер аурудан өз елімізде де айығуға болатынын ескертеді. Науқасқа сәйкес донор табылмаған жағдайда ғана өзге елге өздері жолдама береді.

 

Мемлекет 2019 жылда онкологиялық ауруларды анықтайтын скринингтік бағдарламаларға 4,3 млрд теңге қаржы аударып отыр, - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалы.

 

 

Айта кетейік, скрининг еш ауру белгісі жоқ, сау адамды тексеруден өткізу. Қазір бізде онкологиялық ауруларды анықтауға арналған үш түрлі скринингтік бағдарлама бар. Олар жатыр мойны обырын, сүт безі обыры мен колоректал рак белгілерін тексеруге бағытталған.

 

Егер Сіз 30 жастан ассаңыз, өзіңіз тіркелген емханадан жатыр мойны обырының алдын алу үшін скринингті тегін жасата аласыз. Дәл солай 40 жастан асқан азаматшалар сүт безі обыры скринингі бойынша тексеріле алады. Сондай-ақ, 50-ден асқан ер және әйел азаматтар колоректал рак обырына тегін тексеріледі.

 

Бұл туралы біздің басылымға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының баспасөз хатшысы Айгүл Дәден хабарлады.

 

Суреттер tengrinews.kz, 365info.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему