Теңіз жағалауында «Мифтер алаңы» ашылды
Курс валют в Актау
на 05/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
5 Мая, 04:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теңіз жағалауында «Мифтер алаңы» ашылды

22 Декабря 2018 (09:39) | 2759 | Автор: Нурганым Имашева

Облыс орталығының 15 ықшам аудандағы «Самал» жағалауында «Мифтер алаңы» ашылды.

 

 

Мифтер алаңына 13 кішігірім сәулет туындылары орнатылды. Бұл мифтік кейіпкерлер – Суын айғыр, Нұр Төле, Аққу, Түйе үстіндегі қыз, Айдаһар, Асан-қайғы тб.

 

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне қатысқан өңір басшысы Ералы Тоғжаов:

-Бүгінде «Каспий» теңізінің жағалауы ажарланып, туристер мен қонақтардың, жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері.

 

 

 Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған» - деген болатын. Мақалада орын алған ойлар міне бүгін алдарыңызда көрініс тауып, түркі әлемі мифологиясының кейіпкерлеріне жан бітіп, өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақтауға септігін тигізеді деп білемін.

 

 

Бұл ойлар қазақ мифологиясының негізін қалаушы, зерттеуші-ғалым Серікбол Қондыбай еңбектерінде де көрініс тапқан. Сонымен, өздеріңіз көріп отырған Асан-қайғы бейнесі. Ол ХІV ғасырда өмір сүрген, данышпан, ақылгөй жырау. Қазақ халқының  қамын, болашағын ойлаған «Дала философы». Желмаяға мініп халқы үшін «Жер жаннаты жерұйықты» іздеген тұлға.

 

 

Сарыүйік жылан бейнесі. Көне қазақтың дүниетанымындағы киелі нышанның белгісі. Күнбасты Тәңір бейнесі. Тәңір-  түркі дүниетанымындағы жоғарғы Жаратушы.Көкбөрі бейнесі. Күллі түркі әлемінің басты тотемі.  Ұлы Дала сақшылары бейнесі.Өлкенің  2000 жылдық тарихынан сыр шертетін дай-массагет, сармат дәуірінің ерекше  ескерткіштері. Осының бәрі өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталады деп сенемін» - деді.

 

«Сонымен қатар жағалауда ұзындығы 102 метр, ені 24 метрді құрайтын баспалдақ салынды.  Бұған қоса 50949 м2 кеспе тас, 4496м2 көгал, ұзындығы 1800метрді құрайтын веложол, 6 алаңнан құралған 100 метр миф алаңы мен  300 көлікке арналған автотұрақ бар. Мерекелік шара барысында жергілікті театр өнерпаздарының қатысуымен «Ұлы мұра ұрпаққа аманат!» тетарландырылған шеру өтті»,- деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Суреттер Маңғыстау облысы әкімдігінің сайтынан алынды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему