Форт-Шевченкода Айсағали Қыдырдың «Елбасы және Түпқараған» атты фотокөрмесі ашылды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 16:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Форт-Шевченкода Айсағали Қыдырдың «Елбасы және Түпқараған» атты фотокөрмесі ашылды

1 Декабря 2018 (15:29) | 2709 | Автор: Нурганым Имашева

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченкода Тұңғыш Президент күніне орай көп шара ұйымдастырылды. Солардың бірі – ардагер фотограф, журналист Айсағали Қыдырдың «Елбасы және Түпқараған» атты фотокөрмесі әдемі де әсерлі өтті.

 

 

40 жылға таяу журналист болған Айсағали Қыдыр Маңғыстау аумағында болған алуан түрлі оқиғалардың куәсі. Соның ішінде бұл кісінің Елбасымыздың Маңғыстауға келген сапарларында бірге болып, түсірген суреттері ерекше орын алады.

 

Қазақ ССР Президенті, Қазақстан Компартиясы ОК Бірінші хатшысы Н.Назарбаевтың 1990 жылы 21-тамызда Маңғыстауға келген сапары бейнеленген суреттер көрмеден ерекше орын алды.

 

Одан соң 2002 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі аралықтағы Н.Назарбаевтың Маңғыстауға жұмыс сапарлары, Ақтау, Кендірліде өткен халықаралық іскер кездесулерге қатысуы бейнеленген суреттер бар. Солардың ішінде «Маңғыстау» газетінің тілшісі А.Қыдыр мен «Огни Мангистау» газетінің тілшісі Н.Бутырина екеуі Елбасыдан сұхбат алып отырған суреті назар аударды.

 

 

-Фотоны Анатолий Устиненко түсірген. 2005 жылдың 23-мамырында осындай өмірлік есте қалар оқиға болды. Президент бізге сұхбат беріп, еліміздің Каспийде өзінің жүк тасымалдау флотын құру қажеттігін айтқан еді. Сондай-ақ Каспий айналасындағы елдердің татулығы мен экономикалық ынтымақтастығы, Каспийдің халықаралық статусы сияқты мәселелер сөз болды. Сөйтіп, біз Қазақстанның аймақтық басылымдардың өкілдерінің арасында бірінші болып Елбасыдан сұхбат алдық, - дейді А.Қыдыр.

 

Көрмеде сонымен қатар Маңғыстаудың тарихи-сәулет ескерткіштері, пейзаждары, аңдары мен құстары бейнеленген көп суреттер көрерменге рухани азық сыйлап, жан рахатына бөледі.

 

Көрмеге аудан басшылары, жұртшылық өкілдері және ақтаулық журналист әріптестері келіп қатысып, игі тілектерін айтты.

 

Фотоны ұсынған Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему