Денсаулық сақшылары Елбасы Жолдауын талқылады
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Денсаулық сақшылары Елбасы Жолдауын талқылады

13 Ноября 2018 (14:01) | 2212 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мен медбикелері Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылап, ортақ пікірлерін ортаға салды. Жиында сөз алған аурухананың эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне арналғанын және Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша мән берілгенін атап өтті.

 

 

-Елбасы биылғы Жолдауында алты бағыт бойынша өзекті мәселеге тоқталды. Бірінші халықтың  табысының өсуі, екінші сол арқылы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру. Үшіншіден өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру арқылы азаматтар  сұранысына  бейімделген мемлекеттік  ақпарат құру. Тиімді сыртқы саясатты нығайтып, әрбір қазақстандықтың  еліміздегі  өзгерістер үдерісіне атсалысуына жағдай туғызу.

 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауда медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынына тоқталып, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап өтті.

 

Одан бөлек, Үкіметке алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырды.

 

Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінетінін хабарлады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуіміз керектігіне және бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігін ерекше атап өтті,-дейді жиында баяндама жасаған эпидемиолог-дәрігер Аяулым Зейнышова.

 

Жиын барысында ақ халатты абзал жандар өздерінің пікірлерін білдіріп, Жолдауды қолдайтындықтарын айтты.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему