Арнайы мониторинг тобы Маңғыстау ауданында
Курс валют в Актау
на 18/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
18 Апреля, 22:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Арнайы мониторинг тобы Маңғыстау ауданында

28 Октября 2018 (10:34) | 2857 | Автор: Нурганым Имашева

Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын өңірлерде жүзеге асырылуына жаңа серпін беру мақсатында іссапармен келген Агенттіктің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин және республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, елімізге белгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада агенттіктің аумақтық департаменті қызметшілерімен бірлесіп іссапардың екінші күнін Маңғыстау ауданы Шетпе селосында жалғастырды.

 

 

Арнайы мониторинг тобының өкілдері ауданның активтерімен кездесу өткізіп, қызметтерімен танысып, республикалық арнайы мониторинг тобының мақсаты мен міндеттеріне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында әр қызметші өзгерісті өзінен басту керектігін айтты.

 

Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына кез-келген тұрғынның өз көкейіндегі ой-пікірін жолдауға толық мүмкіндігі бар екенін, жұртышылықпен кері байланыс механизмдерін жетілдіру бағытындағы қолға алынған бастамалар уәкілетті органның ашықтығының дәлелі екенін атап өтті.

 

Іссапар барысында қонақтар кездесуді Маңғыстау аудандық ауруханасында жалғастырды. Кездесу барысында 2011 жылы пайдалануға берілген ғимарттың қабырғалары шытынап, құлап, салынғанына аз уақыт болса да, сапасы сын көтермей тұрғандығы анықталды.

 

 

Сондай-ақ арнайы делегация ауданның арнайы мониторинг топ мүшелерінің ұсынысы бойынша биыл ғана пайдалануға берілген №7 мектеп лицейіне барып, құрылыс сапасымен танысты.

 

Анық болғандай, сапасы сын көтермейтін ғимаратқа тағар мін өте көп. Бір өкініштісі, сапасыз салынған мектепте балалар білім алуда. Одан соң, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барған қонақтар аудандық арнайы мониторинг тобының бастамасымен бұл жерден де бірнеше олқылық тауып, мекеме басшылығына бірқатар ескертулер жасады.

 

Іссапар соңында Маңғыстау аудандық техникалық колледжіне келген арнайы топ студенттермен, ұстаздармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап қайтты.

 

Бұл туралы біздің басылымға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему