Маңғыстаулық дәрігерлердің көмегімен сегіз жасар бала ажалдан аман қалды
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 00:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық дәрігерлердің көмегімен сегіз жасар бала ажалдан аман қалды

19 Октября 2018 (09:50) | 2439 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері тағы бір жасөспірімге өмір жарығын сыйлап, ажалдан құтқарып қалды. Бұл жолы аурухана дәрігерлері тоққа түскен Даниярға көмек көрсетіп, жасөспірімді отбасына дін-аман қайтарды.  

 

 

Үш күн бойы ес-түссіз жатқан сегіз жасар жасөспірімді аман сақтап қалу үшін аурухана дәрігерлері барын салған. Данияр отбасына оралғанымен, әлі де дәрігерлердің бақылауында екен.

 

-Немерем Данияр күнделікті әдетінше ауладағы балалармен ойнауға кеткен болатын. Келінім көрші балалардың айқайынан далаға шықса, өз ұлының электр бағанасының қасында жерде сұлап жатқанын көріп, тұрған жерінен қозғала алмай қалыпты.

 

Үйге жүгіріп келген тоғыз жасар немеремнің айқайынан мен де жанұшыра далаға шығып, тоққа түскен немеремді жатқан жерінен көтеріп, құшақтап алдым.

 

Немеремнің ерні көгеріп кеткен, тірі адамға тән ешқандай белгі жоқ. Құдай сақтап, жолай өтіп бара жатқан Камила Каримова атты медбике келіп, алғашқы көмекті сол ақ халатты абзал жан көрсетті.

 

 

Немереме жасанды тыныс алу жасады. Көршілеріміз жедел жәрдем шақырып, дереу ауруханаға жеткіздік. Жансақтау бөлімінің дәрігерлері баламызды алып кетіп, қолдарынан келгенше көмек көрсететінін айтты.

 

Немерем үш күн бойы жансақтау бөлімінде комада жатты. Алдымен Жаратқан иеме, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Бақытжан Сәрсенбайұлына, білікті дәрігер Шаяхмеддин Камалұлына, медбикелер Айгерім Жолмағамбетова, Рахима Қуатова, Ажар Нұрбаева, Светлана Авгановаға алғыстан басқа айтарым жоқ.

 

Баламыздың ортамызға аман-есен оралуы үшін қолдарынан келген көмектерін аямай, бізге рухани жағынан да, жақсы сөз айтып, қолдау көрсете білгені үшін Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының барлық дәрігерлеріне ризашылығымды білдіремін.

 

Төртінші күн дегенде немерем өз-өзіне келе бастады, травмотология бөліміне ауыстырды. Бұл бөлімде дәрігерлер Құрман Қайранов, Манас Инятов бақылауына алып, қарады.

 

 

Қазіргі таңда немеремнің денсаулығы жақсы. Баламызды аяғынан тік тұрғызған дәрігерлер қауымына айтар алғысым шексіз. Енбектеріне табыс тілеймін, әрдайым елдің алғысына бөлене берсін,-дейді жасөспірімнің әжесі Оразгүл Нұранова.

 

Бұл туралы бізге Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Суреттерді ұсынғанМаңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему