«Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы барысында 38 жүргізуші жазаланды
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 13:59
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы барысында 38 жүргізуші жазаланды

17 Октября 2018 (15:52) | 2309 | Автор: Нурганым Имашева

Қала көлемінде жүк автокөліктердің тарапынан жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында «Жүк автокөлігі» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жүк көлік жүргізушілеріне барлығы 38 әкімшілік хаттама толтырылып, оларға 430 495 теңге мөлшерде айыппұлдар салынды, 5 автокөліктің мемлекеттік белгілері тәркіленді.

 

 

Сондай-ақ, 38 құқық бұзушының арасынан 7 – көлік мекемеге («Гатин», «Цемент-Бетон», «Батыс-Снаб», «ТасболатМұнайГаз», «Ақтау Темір Бетон», «Ундуз» ЖШС) және 31 – жеке тұлғаларға тиісті.

 

 

Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша мына баптарды бұзғаны үшін  жауапқа тартылғандар: 591-бабымен – 6; 593-бабы бойынша – 5; 595-бабымен – 3; 596-бабы бойынша – 2; 601-бабын – 4 көлік жүргізуші бұзған; 10 жүргізуші - 602-бабы бойынша; 612-бабымен – 5-уі жазаланса; басқа баптар бойынша – 3 құқық бұзушылық анықталды.

 

 

Қала көлемінде барлық тоқтатылған 63 жүк автокөлік жүргізушілеріне жол жүру ережелері мен қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысының Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облысының Ішкі Істер департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему