Маңғыстаулық балалар Парижде Гран Приге ие болды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 22:58
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық балалар Парижде Гран Приге ие болды

17 Октября 2018 (10:04) | 2390 | Автор: Нурганым Имашева

Франция елінің астанасы Париж қаласында өткен халықаралық фестивальде Ақтаудан барған балалар Бас жүлде алды.

 

 

Франция елінің астанасы Париж қаласында өткен халықаралық фестивальде Ақтаудан барған балалар Бас жүлде алды.

 

«Crystal STAR festival» - осымен 14-ші рет өткізілді. Балалар шығармашылығын дәріптейтін фестивальға түрлі номинацияда 60-қа жуық бала қатысты.

 

Әр елден келген оқушылар өзара танысып, табысып, өз елі туралы мәлімет берді. Қазақстаннан қатысқан Асылбек Меңдібаев Ақтау қаласындағы №11 мектептің 9 сынып оқушысы. Ал, Гүлнұр Әжімағин № 14 мектептің 8 сынып оқушысы. Екеуі де балалар шығармашылығымен айналысатын «Даму Медиа» мектебінің оқушылары.

 

 

Актерлік шеберлік номинациясы бойынша сайысқа қатысып, өз жас ерекшелігі бойынша Гран При ұтып алды.

 

Бас жүлдеге қол жеткізу үшін «Даму Медиа» мектебінің оқушылары ұстаздарымен тынымсыз дайындалды. Сахнада 5 тілде сөйлеп, өнер көрсетті.

 

Оқушылар сахнаға шыққанда танымал әнші Дима Құдайбергеннің француз тілінде орындалған әні пайдаланылды.

 

Ақтаулық оқушыларға Париж қаласында 1770 жылы салынған Дезажет Театрының сахнасында өнер көрсету бақыты бұйырды. Бұл театрдың сахнасында болудың өзі бір ғанибет.

 

 

Еліміздің намысын қорғаған оқушылардың жетекшісі Гүлнұр Жадринаның айтуы бойынша "Бұл Дамулықтар үшін жыл басынан бері қатысып отырған үшінші халықаралық фестиваль. Египет елінен 3 Гран При, Түркиядан 1-ші орын және Парижден Гран При алып отырмыз.

 

Медиа мектеп 1 қараша күні өзінің алғашқы туған күнің атап өтпек. Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында сағат 18.30-да дарынды балақайларымыз өнер көрсетеді.

 

Дамулықтарды құттықтау үшін Алматы қаласынан танымал әнші Айдана Меденова келеді деп жоспарлап отырмыз. Барша өнер сүйер қауымды асыға күтеміз".

 

 

Парижді өз өнерімен тәнті етіп, Қазақ елінің абыройын асқақтатқан өрендерді, жетекшілері Гүлнұр Жадринаны және жас дарындардың ата-аналарын үлкен өнер додасындағы Бас жүлделерімен құттықтаймыз.

 

Өнер бәйгесінде де, өмірде де әрдайым алда болыңыз, жетістіктеріңізбен дүйім елді қуантып, абыройларыңыз арта берсін! Қазақтың өнерін әлемге танытуда қанаттарыңыз талмасын!!!

 

Суреттерді түсірген «Даму Медиа» мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему